Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркияда Anex Tour иесі есірткі және жезөкшелік ісі бойынша ұсталды

Антальяда Anex Tour туристік компаниясы мен Selectum қонақүйлер желісінің иесі Нешет Кочкар ұсталды. Ол есірткі және жезөкшелік ұйымдастыру ісі бойынша күдіктілердің қатарында болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Haberler сайтына сілтеме жасап.

35 мекенжай бойынша тінту жүргізілді

Операция 29 қыркүйекте Серик ауданы прокуратурасының бұйрығымен жүргізілді. Полиция қызметкерлері бір мезгілде 35 мекенжай мен екі қайықта тінту жүргізді.

Жалпы 20 адамға қатысты ұстау туралы шешім шығарылды. 18 күдікті, соның ішінде Нешет Кочкар ұсталды, тағы екі адамға іздеу жарияланды.

Ұсталғандардың арасында туристік, автомобиль және құрылыс бизнесінің өкілдері, сондай-ақ Анталья муниципалитеті бас хатшысының бұрынғы орынбасары Серкан Темючин бар.

Полиция нені тергеп жатыр?

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, іс материалдарында есірткіні қолдану және сату, сондай-ақ қонақүйлер мен кемелерде жезөкшелік ұйымдастыру туралы айғақтар бар.

Сондай-ақ, күдіктілердің есірткі тұтынғанын анықтау үшін олардан қан, зәр және шаш сынамалары алынады.

Нешет Кочкар деген кім?

Нешет Кочкар - Anex Tour компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі. Компания 1996 жылы жұмысын бастады және оның өкілдіктері Қазақстанда, Ресейде, Беларусьте және Германияда бар. Anex 50-ден астам елге сапарлар ұйымдастырады, сонымен қатар қонақүй және авиация бағыттарында жұмыс істейді.

Түрік БАҚ-тарында Кочкардың есімі бұған дейін 2025 жылғы қаржылық қылмыстар мен ақшаны жылыстату туралы тергеуде аталғаны да хабарланды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus