Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық әлем чемпионы Азиаданың қола жүлдегері атанды

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық боксшы Наталья Богданова 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жартылай финалдық жекпе-жекте қазақстандық әлем чемпионы үндістандық боксшы Ловлина Боргохайнмен қолғап түйістірді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба



Жекпе-жек барысы
Бірінші раунд байыпты қарқында өтті: боксшылар жылдамдықты арттыруға асықпады және ашық айқасқа түсуге тырыспады. Богданова біртіндеп өзіне ыңғайлы қашықтықты тауып, қауіпсіз арақашықтықтан ауыр соққылар бағыттай бастады. Үндістандық боксшы жақын келіп, клинчке шығуға тырысты, сондай-ақ қарымта шабуылдар жасады. Төрешілердің шешімімен бірінші раундта Богданова басым түсті - 3:2.
Екінші раундта Боргохайн бастаманы өз қолына алып, бірінші нөмірмен жұмыс істей бастады. Бұл жағдай Богдановаға да қолайлы болды: ол контрпанчер стиліне ауысып, қарсыласын шегіне жүріп соққының астына алды. Раунд соңына қарай спортшылардың шаршағаны байқалып, олар жиі клинчке жүгінді. Екінші раундта төрешілер жеңісті Боргохайнға берді - 5:0.
Үшінші раундта Богданова прессингті жалғастырды: қазақстандық боксшы алға қадам жасап, бағытын өзгерте отырып, жалғыз соққылар жұмсады. Қарсыласы көбіне шегініп, арқанның жанында клинч әдісін қолданды. Богданова раунд бойы жауапсыз ауыр соққылар бағыттап, бұл кезеңде басымдық танытты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы кезеңде Наталья Богданова өзбекстандық Азиза Зокировамен кездескен болатын. Қазақстандық боксшы бірінші раундта айқын есеппен ұтылғанымен, қалған екі раундта төрешілердің көпшілік шешімімен жеңіске жетіп, Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алған еді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Бұған дейін әйелдер құрамасының тағы бір өкілі, әлем чемпионы Алуа Балқыбекова да Азиаданың жартылай финалында өнер көрсеткен болатын. Ол вьетнамдық боксшы Ти Та Нгуенмен кездесіп, төрешілердің біріңғай шешімімен есе жіберді. Осылайша Алуа Балқыбекова Қазақстан қоржынына Азиаданың қола медалін салды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Бұдан бұрын қазақстандық боксшы, ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбайдың 2026 жылғы Азия ойындарының финалына айқын басымдықпен шыққаны хабарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus