Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Төрехан Сабырхан өзбекстандықты ойсырата жеңіп, Азиада финалына шықты

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жартылай финалдық жекпе-жекте қазақстандық жұлдызды боксшы өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Жекпе-жек барысы
Сабырхан бірінші раундты белсенді бастады: ол қарсыласын орта қашықтықта комбинациялармен соққының астына алса, қарсы шабуыл кезінде шегініп жүріп қарымта қайтарды. Болтаев көбіне дара соққыларға иек артып, денені нысанаға алуға тырысты. Төрешілер бірінші раундта жеңісті бірауыздан Төрехан Сабырханға берді – 5:0.
Екінші раундта қазақстандық боксшы аяқпен керемет жұмыс істеп, қарсыластың барлық дерлік шабуылынан сытылып кетіп отырды. Сабырханның өзі де түрлі деңгейде дәл комбинациялар жасай білді. Ол Болтаевтың қорғанысын апперкотпен бұзып өтіп, қарымта соққыларды сәтті бөгеді. Төрешілер екінші раундты да қазақстандық спортшының еншісіне жазды – 5:0.
Үшінші раунд Сабырханның бастан бағыттаған ұзақ соққылар сериясымен басталды. Өзбекстандық боксшы жауап қайтаруға тырысқанымен, оның барлық соққысы қорғанысқа тиіп, айтарлықтай шабуыл жасай алмады. Бір минуттан кейін боксшылар ринг ортасына шығып, жақын қашықтықта соққы алмасты. Болтаев бірте-бірте бастаманы қолға алып, қазақстандықты арқанға қарай ығыстырғанымен, біздің боксшы қорғаныс пен қарымта шабуылдың шеберлік сабағын көрсетіп, еркін қимылдады.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азиаданың финалына жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен кезеңде Төрехан Сабырхан Ирак өкілі Али Ас-Сараимен жұдырықтасқан болатын. Ол небәрі бір минуттан соң қарсыласын денеден жасалған ауыр соққымен нокдаунға түсірді. Қарсыласы орнынан тұра алмай, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасына Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова және Махмұд Сабырхан қола медаль сыйлады.
Ал Азиаданың алтын медалі үшін Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай бақ сынайды, ол финалға айқын басымдықпен шыққан болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus