Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Жеңісті тартып алды“: Қазақстан бокс федерациясы Азиадада наразылық білдірді

Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) Азия ойындарының жартылай финалындағы Наталья Богданова мен Махмұд Сабырханның жекпе-жектеріндегі төрешілер шешімімен келіспейді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Азия ойындарының жартылай финалында қазақстандық әлем чемпиондары Наталья Богданова мен Махмұд Сабырхан төрешілердің шешімі бойынша үндістандық Ловлина Боргохайн мен филиппиндік Карло Пааламнан жеңіліп қалды.
Қазақстан бокс федерациясының өкілдері наразылық білдіруге ниетті.

"Біз қазір наразылық түсірдік, шешіммен келіспейміз. Богданова да, Махмұд та таза жеңді. Төрешілердің шешіміне қатысты наразылығымызды осында, Азия конфедерациясына да, World Boxing ұйымына да білдірдік. Сондықтан шешіммен келіспейміз, ашығын айтқанда, жеңісті тартып алды", - деді ҚБФ атқарушы директоры Рауан Игенев Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Сондай-ақ федерация Сабырханның жекпе-жегінде 2:2 есебі болғанда, қорытынды есептің неліктен 3:2 болғанын түсіндірді.
Фото: aichi-nagoya2026.org

"Тіпті екі раунд бойынша үш төреші қарсы дауыс берсе, бұл шешіліп қойған жекпе-жек болып саналады. Бұл жерде ұпайдың шегерілгеніне қарамастан солай", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, федерация бокс турнирінің регламенті бойынша нәтижелер қайта қаралмайтынын атап өтті. Наразылықтың процедуралық маңызы бар және қазақстандықтар қатысатын келесі жекпе-жектерге нақты төрешілерді тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындарының бокс турнирінде Қазақстанның 11 өкілінің ішінен финалға екеуі ғана жетті - олар Айбек Оралбай мен Төрехан Сабырхан.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Махмұд Сабырхан Қазақстан қоржынына Азия ойындарының медалін салды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus