Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шикізат жеткізуден де ауқымды: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев немістің Handelsblatt басылымына мақала жазып, онда Германияға стратегиялық серіктестіктің жаңа форматын ұсынды. Ол маңызды минералдарды бірлесіп өндіру мен өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары өндірістер құруға дейінгі бағыттарды қамтиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тек кепілді жеткізу ғана емес
Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Атап айтқанда, сөз литий, кремний, кобальт, ниобий, вольфрам және мыс туралы болып отыр.
Тоқаев Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас үш онжылдықтан аса уақыт ішінде стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

"Саясатта да, экономикада да сенім – капитал, ал сенімділік оның ең жоғарғы формасы саналады. Халықаралық дүрбелең белең алған кезеңде дәл осындай сипаттағы қарым-қатынастың құндылығы арта түсті.
Отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Германия өзара сенімнің берік іргесін қалап, арқауы мықты стратегиялық серіктестік қалыптастыра алды. Сындарлы саяси диалог, уағдаластықтарды дәйекті түрде жүзеге асыру және нақты нәтижені көздеу өзара қарым-қатынасымыздың ерекшелігін көрсетеді", - деп жазды Тоқаев.

Президент Қазақстан үшін Германия жай ғана басты сауда серіктесі әрі ірі инвестор емес екенін айтты. Біздің экономикалық мүдделеріміз ұқсас әрі екі мемлекет те халықаралық құқықтың сақталуына әрқашан бейіл.

"Бүгінде өзара ықпалдастығымыз екіжақты күн тәртібімен шектелмейді. Біз Азия мен Еуропа арасындағы маңызды дәнекер рөлін атқарып, тұтас Еуразия кеңістігіндегі экономикалық орнықтылықты, энергетикалық қауіпсіздікті және көлік қатынастарын нығайтуға елеулі үлес қосып келеміз.
Халықтар арасындағы тығыз байланыс ынтымақтастықтың берік ұстыны іспеттес. Қазіргі таңда Қазақстанда 200 мыңнан астам этникалық неміс өмір сүреді, ал Германияда елімізде туып-өскен миллионнан аса азамат тұрады. Ортақ тарихи жадымыз және мәдени дәстүрлеріміз қос халықтың арасын жақындата түседі", - деп есептейді Қазақстан Президенті.

9 миллиард долларға жуық сауда айналымы
Тоқаевтың айтуынша, сондықтан Германияға бұл жолғы сапар, ең алдымен, стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басатын, жаңа өсім бағыттарын айқындайтын және бірлескен жұмысқа тың серпін беретін мүмкіндік.
Бұл ретте Президент Қазақстан экспортын әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға айтарлықтай әлеует барын айтты.

"Бұған қажетті алғышарттардың бәрі бар. 2025 жылы өзара сауда-саттық көлемі 9 миллиард долларға жуықтады (7,9 миллиард еуро). Қазақстанда германиялық капиталдың үлесі бар мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. Біз Германия нарығына 80-нен астам дайын өнім түрін жеткізе аламыз. Металлургия, мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі және темір жол машинасын жасау салаларында мол мүмкіндік бар. Осы орайда аса маңызды минералдар саласында да күш-жігер біріктіру өте өзекті көрінеді, - деді Мемлекет басшысы.

Өндіруден дайын өнімге дейін
Мақалада маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа ерекше орын берілген. Қазақстан қазірдің өзінде еуропалық экономикаға энергетикалық көшу, өнеркәсіп және цифрландыру үшін қажетті шикізаттың едәуір бөлігін өндіріп жатыр.
Тоқаев жай ғана жеткізіп қоймай, неміс компанияларымен бірлесіп толық өндірістік цикл құруға көшуді ұсынады.

"Біз германиялық серіктестерге тек шикізат жеткізуге кепілдік беріп қана қоймай, геологиялық барлау мен кен өндіруден бастап, оны өңдеу, компоненттер шығару және материалдарды қайта қадеге жарату кезеңдерін түгел қамтитын толық өндіріс тізбегін қалыптастыруды ұсынамыз.
Байланыстарымыздың тағы бір маңызды бағыты – энергетика. Қазақстан Еуропаға тұрақты түрде энергия ресурстарын жеткізуші ел ретінде сенімге ие болды. Еуропа Одағына импортталатын мұнайдың шамамен 13 пайызын, табиғи уранның 20 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді. 2025 жылы Германияға жеткізілген мұнай көлемі 10 миллион тоннадан асты. Біз көлік тасымалы мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл міндетті одан әрі жауапкершілікпен атқаруға әзірміз", - деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ Президент жаңартылатын қуат көздері, электр желілерін жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру бағыттарындағы серіктестік келешегінен көп үміт барын жазды.
Қазақстан Германияға жаңа бағыттарды ұсынады
Мақаланың жеке блогы көлік саласындағы ынтымақтастыққа арналған. Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі құрлықтық буындардың біріне айналып жатыр: екі аймақ арасындағы құрлықтағы жүк транзитінің шамамен 85 пайызы ел аумағы арқылы өтеді.
Сондай-ақ Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту мәселесіне де назар аударды. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша бұл дәліздегі тасымал 22 пайызға, ал Шығыс - Батыс бағытындағы транзит 55 пайызға артқан.

"Жаңа көлік жобалары бірқатар өңірді Каспий теңізіндегі айлақтармен тікелей байланыстырып, Қытай – Еуропа бағытын 1000 шақырымға қысқартады. Осылайша біз жолды қысқартатын бағыттарды қалыптастырып, Германия бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отырмыз.
Тағы бір әлеуетті бағыт – неміс компанияларын еліміздің аумағы арқылы әуе жүк тасымалын жүзеге асыруға белсенді тарту және Қазақстандағы әуе хабтарын дамыту", - деп жазды Қазақстан Президенті.

Қазақстан мен Германия мүмкіндіктері
Мақалада Президент цифрландыру және жасанды интеллект мәселелеріне де тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде сауда мен өндірістің дамуын деректер алмасуы мен білікті кадрлар даярлау үдерісінен бөлек қарастыру мүмкін емес.

"Білікті мамандарсыз бірде бір стратегия табысты болмайды. Германия стандарттарына сай білім алған және оны бірлескен кәсіпорында кәдеге жаратып жүрген жас қазақстандық инженер бейнесі – біздің келешек серіктесіміздің келбеті десек, қателеспейміз.
Инвестициялық шешімдер де ұзақмерзімді тәсілді талап етеді. Мемлекеттік институттарға сенім болмаса, мұндай шешімдерді жүзеге асыру мүмкін емес", - деп есептейді Тоқаев.

Президент Қазақстанның 2019 жылдан бері саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар арқылы бұл негіздерді дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өтті.
Сыртқы саясатта, Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан өзара құрмет, мемлекеттердің дербестігі мен халықаралық құқықты сақтауға негізделген теңгерімді әрі сындарлы курсты ұстанады.

"Немістерде "Einigkeit macht stark" – "Күш – бірлікте" деген нақыл сөз бар. Осы ұлағатты сөз мүмкіндіктерін тоғыстырған Қазақстан мен Германияның ықпалдастығын дәл сипаттайды.
Өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте отырып, елдеріміз Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен өркениет кеңістігін нығайта береріне сенімдімін", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға барды. Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. Бұдан бөлек, Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысып, бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus