Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әлімханұлы жаңа салмақтағы WBO титулы үшін өтетін жекпе-жектің мән-жайын ашты

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Якоб Банкке қарсы WBO белбеуі үшін өтетін титулдық жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желілерінде WBO титулы үшін жекпе-жегі британдық бокс жұлдыздары Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюри арасындағы кездесудің андеркардында өтуі мүмкін екенін айтты.
Алайда әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

"Мен біздің жекпе-жек Джошуа - Фьюри кездесуінің андеркардында өтеді деп ойлағанмын. Бірақ әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Мен жаңалық күтіп жүрмін", - деп жазды Әлімханұлы.


Мен біздің жекпе-жек Джошуа - Фьюри андеркардында болады деп ойладым. Бірақ ешқандай жаңалық жоқ. Мен жаңалық күтіп отырмын.
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) September 28, 2026
Сондай-ақ Әлімханұлы титулдық жекпе-жегін Нью-Йоркте (АҚШ) өткізгісі келетінін, өйткені ол жақта қазақстандық жанкүйерлердің көп екенін атап өтті.

"Егер промоутерім жекпе-жек ұйымдастырса, мен оны Нью-Йоркте өткізгім келеді, өйткені онда менің Қазақстаннан келген жанкүйерім өте көп", - деп толықтырды қазақстандық боксшы.


Егер промоутерім @trboxing @BobArum жекпе-жек ұйымдастырса, мен Нью-Йоркте жұдырықтасқым келеді, өйткені онда менің Қазақстаннан келген жанкүйерлерім көп. pic.twitter.com/O146o0sphJ— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) September 28, 2026Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі
Еске сала кетейік, бұған дейін жеңілмеген қазақстандық боксшы британдық Хамза Ширазға қарсы шығуы тиіс болатын. Боксшылардың өкілдері сауда-саттық өткізгенімен, кейінірек Шираз жекпе-жектен бас тартып, титулды бос қалдырды.
Енді WBO қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасында міндетті титулдық жекпе-жек белгіледі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ring Magazine (@ringmagazine) жарияланымы


Банк қазақстандық боксшыдан 7 жас кіші болса да, оның кәсіпқой карьерасында 20 жекпе-жек өткен, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған және бірде-бір рет жеңілмеген. Сонымен қатар, оның қоржынында WBO Global титулы бар - ол бұл белбеуді тәжірибелі кубалық Уильям Скуллды нокаутқа түсіріп жеңіп алған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

DAZN Boxing (@daznboxing) жарияланымы


Жәнібек Канелоға қарсы: Әлімханұлы аңызға айналған боксшының мәлімдемесіне жауап берді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus