Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазын қайта ашу және жеті күн ішінде өңірдегі соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады. Ол өз көмекшілеріне қарашадағы Конгресс сайлауынан кейін бомбалау жұмыстары қайта жанданады деп күтетінін айтты. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Трамп бомбалаудың қайта басталуын әбден мүмкін деп санайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Біріккен Ұлттар Ұйымындағы журналистерге Иран өз бейбітшілік жоспарын Қатар делдалдары арқылы АҚШ-қа тапсырғанын мәлімдегендей айтқан болатын.

Ол келісім бұғаздың ашылуына және өңірлік соғыс қимылдарындағы үзіліске дейінгі жеті күндік кері санақты бастайтынын атап өтті.

Иранның жеті күндік келісім туралы ұсынысы Таяу Шығыстағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеудің бұған дейінгі талпыныстары сәтсіз аяқталғаннан кейін жасалды.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғалы бері соққылар ара-тұра тоқтап, қайта жалғасып келді. Бұл соғыс мыңдаған адамның өмірін қиып, Иранның әскери күштерін әлсіретті және онсыз да тұралап тұрған ирандық экономикаға айтарлықтай нұқсан келтірді.

Иран мен оның одақтастары бұған қақтығысты бүкіл аймаққа жаю арқылы жауап қайтарды. Иран АҚШ-тың Парсы шығанағындағы одақтастарына ұшқышсыз аппараттар мен зымырандар арқылы соққы берсе, Йемендегі хусит одақтастары Сауд Арабиясының мүдделеріне шабуыл жасады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus