Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасы ең қымбат футболшысынан айырылды: себебі белгілі

"Ахмат" клубы мен футболдан Қазақстан құрамасының вингері Максим Самородов Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдарына қарсы матчке қатыспайды, деп хабарлайды Tengri Sport Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құрама көшбасшыларының бірі жарақатына байланысты кем дегенде екі матчті өткізіп алады.

"Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов жарақатына байланысты УЕФА Ұлттар лигасының сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы өтетін матчтеріне қатыспайды. Ұлттық құраманың өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы ойындарына қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз. Ол құраманың медициналық штабының бақылауында болады", - деп атап өтті ҚФФ.

Осылайша, Максим бұған дейін осындай себеппен құрамнан шығып қалған Ислам Чесноков, Әлібек Қасым және Дастан Сәтпаевтың қатарына қосылды.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын өткізу үшін Фарер аралдарына жетіп алды.
29 қыркүйекте команда сырт алаңда Словакиямен ойнайды, содан кейін Молдова және Фарер аралдарымен өтетін ойындарға Астанаға оралады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Самородов - Қазақстан құрамасының ең қымбат ойыншысы
Бірнеше күн бұрын беделді Transfermarkt порталы Максим Самородовтың жаңа құнын жариялады. Сайттың бағалауы бойынша, ол Дастан Сәтпаев, Ислам Чесноков, Бахтиер Зайнутдинов және команданың басқа да көшбасшыларын басып озып, Қазақстан құрамасының ең қымбат ойыншысы атанды.
Вингердің құны 4 миллион еуроға бағаланып отыр.
Қазақстанның ең қымбат футболшысы анықталды: оның құны 500 миллион теңгеге өскен
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан U21 құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Англия командасына қарсы матч өткізеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus