Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қолжетімділік туралы қалай айтуға болады?“: қазақстандықтар дәрігердің қабылдауын қанша уақыт күтеді?

Қазақстанда әр екі апта сайын учаскелік және бейінді мамандарға жазылу мүмкіндігіне мониторинг жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі кейбір емханаларда қабылдау кестесі бола тұра, пациенттердің бос уақытты өз бетінше таңдап, дәрігерге жазыла алмайтынын мойындады. Tengri Health қазір қазақстандықтар дәрігердің қабылдауын қанша уақыт күтетінін анықтады.
"Бұл – базалық мәселелер": ДСМ пациенттердің дәрігерге жазылуын тексереді
Денсаулық сақтау министрлігінде өткен кеңесте ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова емханалардағы медициналық көмектің қолжетімділігіне бақылауды күшейтуді тапсырды.
Қазаннан бастап өңірлерде әр екі апта сайын пациенттердің учаскелік және бейінді дәрігерлерге өз бетінше жазыла алу мүмкіндігі, сондай-ақ емханалардың жалпы жұмыс барысы тексеріледі.

"Егер адам емханаға барып, дәрігерге жазыла алмаса, медициналық көмектің қолжетімділігі туралы қалай айтуға болады? Бұл – жергілікті жерде қамтамасыз етілуге тиіс базалық мәселелер", - деді Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің төрағасы Лаура Ахметнияз тексеріс барысында учаскелік және бейінді дәрігерлерге жазылуға қатысты мәселелер анықталғанын айтты.
Бірқатар медициналық ұйымда қабылдау кестелері қалыптастырылғанымен, пациенттердің өз бетінше қабылдауға жазылу мүмкіндігі әлі де шектеулі болып отыр.

"Анықталған кемшіліктер бойынша медициналық ұйымдарға тиісті ұсынымдар жіберіледі", - деді комитет басшысы.

Қазақстандықтар дәрігер қабылдауын қанша уақыт күтеді?
Біз қазақстандықтар емхана мамандарының қабылдауын орта есеппен қанша уақыт күтетінін білдік. Денсаулық сақтау министрлігі біздің сауалымызға берген жауабында орташа мерзім аймаққа, халық тығыздығына және кадрлардың болуына байланысты әртүрлі екенін хабарлады.

"Терапевт әдетте өтініш берген күні немесе екі апта ішінде, педиатр - өтініш берген күні немесе бір апта ішінде қабылдайды. Кардиолог пен невропатологтың қабылдауын пациенттер екі-төрт апта күтеді, хирург өтініш берген күні немесе бір апта ішінде қабылдай алады, ал окулист пен отоларинголог - бір-үш апта ішінде", - деп мәлімет берді министрлік.

КТ мен МРТ-ны қанша күту керек?
Сондай-ақ біз сұранысқа ие зерттеулердің, атап айтқанда компьютерлік томографияны (КТ) және магнитті-резонанстық томографияны (МРТ) күту мерзімі бойынша ақпарат сұрадық. Министрлік бұл қызметтер 60 күн ішінде көрсетілуі тиіс екенін атап өтті.

"Шын мәнінде, пациенттер әлдеқайда аз күтеді. Мысалы, КТ - екі күннен 17 күнге дейін, ал МРТ - 2 күннен 22 күнге дейін. Бірақ егер онкологиялық ауруға күдік болса, бұл тексерулер 10 жұмыс күніне дейін жүргізілуі тиіс", - деп хабарлады министрлік.

Ведомство өкілдері кейбір жағдайда жабдықтың уақытша істен шығуына байланысты күту уақыты ұзаруы мүмкін екенін айтты.
Қанша қазақстандық медициналық көмекті ұзақ күтуге шағымданды?
Біз пікір алу үшін жүгінген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық арасында медициналық көмекті күтуге қатысты шағым азайғанын атап өтті:

2023 жыл - 1819 өтініш;
2024 жыл - 1653 өтініш;
2025 жыл - 936 өтініш;
2026 жылдың қаңтарынан тамызына дейін - 403 өтініш.

Бұған дейін қазақстандықтар медицинадағы қандай мәселелерге шағымданатынын егжей-тегжейлі талдаған болатынбыз. Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сарапшылар 14 364 өтінішті қараған, бұл былтырғы алты аймен салыстырғанда 44 пайызға көп.
Тағы оқыңыз: Күніне 150 инфаркт пен миллион ота: қазақстандықтар неден қайтыс болады және мұны қалай өзгертуге болады?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus