Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасы жаңа бапкердің дебюті алдында екі көшбасшысынан айырылды

Қорғаушы Әлібек Қасым мен вингер Ислам Чесноков Джон ван ’т Шкиптің жетекшілігімен өтетін Қазақстан құрамасының алғашқы матчіне қатыса алмайды, - деп хабарлайды Tengri Sport Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі футболшы да 26 қыркүйекте өтетін Ұлттар лигасының Фарер аралдарына қарсы алғашқы ойынына дайындық тізіміне енген болатын. Алайда дайындық барысында екеуінің де жарақат алғаны белгілі болды.

"Әлібек Қасым жарақатына байланысты Фарер аралдары мен Словакияға қарсы өтетін матчтерде ұлттық құрамаға көмектесе алмайды. Ал өз алаңымызда өтетін Молдова мен Фарер аралдарына қарсы ойындарға қатысу мүмкіндігі оның сауығу барысына қарай кейінірек анықталады. Ислам Чесноков жарақатына байланысты алдағы төрт матчке қатыса алмайды", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, жарақатына байланысты Дастан Сәтпаев та ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды, ал Бахтиёр Зайнутдинов бабына келіп жатыр және бірнеше айдан бері мәскеулік "Динамоның" негізгі құрамына ілікпей жүр.
Фарер аралдарымен өтетін матч - жаңа бапкердің Қазақстан құрамасындағы дебюті
Еске салайық, 26 қыркүйектегі кездесу команданың Ұлттар лигасындағы жаңа циклінің басталуы ғана емес, сонымен қатар нидерландылық маман Джон ван ’т Шкиптің біздің құрамадағы алғашқы қадамы болмақ.
62 жастағы маман Талғат Байсуфинов бас бапкер қызметінен күтпеген жерден кеткен соң, 7 тамызда команда тізгінін ұстады.
Бұған дейін ол бапкер ретінде "Аякс" клубында жұмыс істеп, Грекия және Армения құрамаларын басқарған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

John van’t Schip (@johnvantschip) жариялаған пост


Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында қатарынан төрт матч өткізеді
Айта кетейік, осы маусымнан бастап УЕФА құрамалар матчтері үшін халықаралық үзілістерді ұзартты. Енді алғашқы терезеде-ақ командалар бірден төрт кездесу өткізуі тиіс.
Қазақстан құрамасы ойындарды түзде бастайды: 26 қыркүйекте Фарер аралдары және 29-ында Словакиямен кездеседі. Одан кейін команда өз алаңында тағы екі ойын өткізеді: 2 қазанда Молдованы, ал 6 қазанда Фарер аралдарын қабылдайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus