Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Медеу мен Шымбұлақ арасында электршаттл іске қосылады: автокөлік жүргізушілері не істейді?

Алматыда Медеу мен Шымбұлақ арасында электршаттлдарды іске қосу жоспарланып отыр. Олар тау жолында автокөліктерге балама болмақ. Жоба Алматы мәслихатының LII сессиясында талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Медеуден Шымбұлаққа дейін
Сессия барысында депутаттар Медеу мен Шымбұлақ арасында қатынайтын заңсыз таксилер мәселесін көтерді. Алматы қалалық экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бахтыгереевтің айтуынша, билік бұл жағдайдан хабардар және Шымбұлақ бағытындағы барлық автокөлік қозғалысын шектеу мәселесін қарастырып жатыр.
Оның орнына ұзындығы шамамен 7,5 шақырым болатын Медеу – Шымбұлақ автобус бағытын іске қосу жоспарланған.

"Жол жүру уақыты 15 минут болады. Қозғалыс интервалын 10 минут етіп белгілеп, 10 шаттл автобусты жұмылдыру көзделіп отыр. Схемаға сәйкес, Медеу мен Шымбұлақ аумағында жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін арнайы орындар, сондай-ақ автобустар тұратын аймақтар құрылады", – деді Бахтыгереев.

Қазіргі уақытта қала әкімдігі тау жолында жүруге қабілетті электрлі шағын автобустарды таңдап жатыр.
Автобустар Қытайдан әкелінуі мүмкін
Алматы қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев жаңа бағыт үшін 15 шағын класты электробус сатып алу немесе инвестор тарту мәселесі қарастырылып жатқанын нақтылады.
Қалалық қарапайым электрбустар тік өрге байланысты бұл учаскеге жарамсыз. Диханбаевтың сөзінше, Алматыға биік арнайы көліктер қажет.

"Мұндай автобустар Қазақстанда жоқ, сондықтан оларды ЕАЭО аумағында пайдалану үшін Көлік құралы түрінің мақұлдауын (ОТТС) алып, сынақтар жүргізуіміз керек. Бұл автобустар қытайлық болуы мүмкін", - деді ол.

Басқарма сатып алу немесе инвестор мәселесін жыл аяғына дейін шешуді жоспарлап отыр.
Автокөліктер тағдыры не болмақ?
Сонымен қатар, билік ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көліктердің кіруін шектеуді ұсынып отыр. Экология басқармасы мәліметінше, бақылау-өткізу пунктінен (БӨП) күн сайын 700-ден аса көлік өтеді.
2026 жылдың сегіз айында БӨП арқылы 179 мыңнан аса көлік өткені тіркелді. Салыстырмалы түрде: 2022 жыл бойы бұл көрсеткіш шамамен 76 мың болған.

Жоба іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктердің кіруіне шектеу қоюды қарастырады.
Электрмобильдер жұмыс күндері өте алады, алайда демалыс және мереке күндері шектеулер оларға да қолданылады.

Сол аумақта орналасқан 48 үйдің тұрғындарына, сондай-ақ Қазгидромет, Қазселеденқорғау және Тұйық-Су нысандарының көліктеріне жеңілдік жасалады. Олар үшін арнайы тізім жасалып, сол бойынша көліктер БӨП арқылы өткізіледі.
Мәслихат депутаттары кіруді шектеу жобасын қолдады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus