WBC Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегін ресми түрде жариялады
WBC баспасөз қызметі өзінің әлеуметтік желілерінде орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жек туралы хабарлама жариялады.
Уақытша чемпион кіші Хесус Рамос титулын жеңіліс көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы қорғайды.
Жекпе-жек 19 қыркүйекте Сан-Диегода (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
World Boxing Council (@wbcboxing) жарияланымы
Нұрсұлтанов 3 жылға жуық уақыт бойы жұдырықтаспаған
Қазақстандық үшін бұл үш жылдық үзілістен кейінгі шаршы алаңға оралуы болмақ - ол соңғы рет 2023 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізген. Ол кезде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен чилилік Хулио Аламосты жеңген.
Жекпе-жек негізінен алыс және орта қашықтықтағы тактикалық айқаспен өтті. Екі боксшы да көбіне сырттай жұмыс істеді. Аламос андердог мәртебесіне қарамастан лайықты өнер көрсетіп, 9-раундта тіпті фавориттің десін аздап қайтарды.
Алайда жекпе-жектің екінші жартысында ол екі раундтан артық жеңе алмады. Нұрсұлтанов жоғары қарқын мен дәлдіктің арқасында кездесуді бақылауда ұстады.
Жекпе-жек толық он екі раундқа созылды. Нұрсұлтанов төрешілердің біріңғай шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның қатарынан 20-шы жеңісі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Meiirim Nursultanov MN (@meiirim.nursultanov) жариялаған пост
Рамос болса, 2025 жылдың соңында кіші Шейн Мослимен болған жекпе-жекте уақытша титулды жеңіп алды.
Рамос алғашқы раундтардан бастап джеб және күшті соққылармен қашықтық пен қарқынды бақылап отырды. Мосли оң жақтан ауыр соққылармен жауап беріп, 4-ші және 5-ші раундтарда сескендіре алды. Жекпе-жектің ортасында Рамос арақашықтықты қысқартып, жақыннан жұмыс істей бастады, ал Мосли қарсы шабуыл жасауға тырысты. 11-раундта Рамос Мослиді сол жақ соққысымен қатты есеңгіретіп, қыспақты жалғастырды.
Чемпиондық раундтарда Рамос нысанаға дөп тиген көптеген жойқын соққылар жасады, бұл ақырында оған төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс әкелді.