Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атыраудағы бір отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларымен кездескен видеосы жарияланды

"Ақ Жайық" порталы өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқағалиеваның балаларымен кездесуінен видео жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Балалармен жылы кездесу
Еске сала кетейік, әйел бұған дейін Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында ем алған болатын. Жақында ол ауруханадан шықты. Қазір туыстарының үйінде тұрады және оған балаларымен кездесуге рұқсат берілген. Сондай кездесулердің бірі видеоға түсіп қалған. Кадрлардан анасын көрген балалардың көздеріне жас алып, оған қарай жүгіріп барып, құшақтай алғанын көруге болады.

Оған әзірге басты шындық айтылған жоқ
Сонымен қатар, Ақбаянға жақын туыстарының қаза тапқаны әлі хабарланбаған. Туыстары бұл ақпарат оның денсаулығына кері әсерін тигізеді деп қауіптеніп, шындықты білуге дайын болған сәтін күтуді жөн санайды.
Еске сала кетейік, Ақбаян Мұқанғалиеваның 10, 8, 5 және 4 жастағы төрт баласы қазір Бейімдеу орталығында, ал бір жарым жасар кенже ұлы мамандандырылған балалар үйінде. Орталық директоры Құндыз Ғиниятованың айтуынша, әйел балаларын көруге екі рет келген.
Сондай-ақ орталықтағылар балалардың жағдайы қанағаттанарлық, эмоционалдық тұрғыдан тұрақты екенін және үлкендері оқуын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Емдеу шаралары жалғасып жатыр
Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиеваның туыстары Tengrinews.kz тілшісіне әйел емделуін қайта жалғастыратынын айтқан болатын. Осыдан кейін мамандар оның жағдайын қайта бағалап, балаларды анасына қайтару мүмкіндігі туралы мәселені шешеді.
Ақбаянның жағдайы туралы не белгілі?
Еске сала кетейік, 10 наурызда Индонезиядан экстрадицияланғаннан кейін Ақбаян Мұқанғалиева Атыраудағы мамандандырылған медициналық мекемеге жіберілді. Наурыздың соңында прокуратура әйелден психикалық ауытқу белгілері анықталса, оған Алматыда сараптама тағайындалатынын хабарлаған болатын.
10 сәуірде Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптамасы институтына ауыстырылғаны белгілі болды.
Институт редакцияның сауалына берген жауабында сәуірде әйел амбулаториялық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтіп, бұл 2026 жылдың 21 сәуірінде аяқталғанын хабарлады. Осыдан кейін оны институтта қалдыруға негіз болмаған.
Бұл ретте тергеу құпиялылығына байланысты сараптама нәтижесі жарияланбады.
Айта кетейік, бұған дейін 29 мамырда прокуратура Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностикаға мұқтаж екенін хабарлаған болатын.
Әкесі өмір бойына сотталып, анасына қатысты іс тоқтатылды
14 шілдеде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты үкім шығарды. Сот оны әйелінің төрт туысын аса қатігездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп таныды – тергеу барысында сотталушының марқұмдарға 60-қа жуық пышақ жарақатын салғаны анықталды. Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Анықтама: Сәрсемалиевтің жұбайының әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет, оның ағасы Наурыз Мұқанғалиевке 10 рет, отбасының отағасы Мақсот Қарабалинге 9 рет, ал анасы Нәсіп Өтешқалиеваға 8 рет пышақ соққысы тиген.
Сұлтан Сәрсемалиев / Фото © Tengrinews.kz
Атырау облысының прокуратурасы тергеушілер қылмыс құрамының болмауына байланысты Мұқанғалиеваға қатысты екі қылмыстық істі тоқтатқанын нақтылады.

Екі және одан да көп адамды өлтіруге қатысты іс 27 сәуірде тоқтатылды (21 сәуірдегі амбулаториялық психологиялық-психиатриялық сараптамадан кейін – ред. еск.),
қылмыс туралы хабарламау ісі 24 маусымда тоқтатылған.

Прокуратура қазіргі уақытта Мұқанғалиеваға қатысты басқа қылмыстық іс жоқ екенін айтты.
Ақбаян Мұқанғалиева / ҚР ІІМ видеосынан кадр
Ескерту: Бұған дейін ерлі-зайыпты 2022 жылғы 22 қарашада ресми түрде ажырасқанын, төрт баласы анасымен қалғанын жазған болатынбыз. Ажырасқанына қарамастан, 2023 жылдың қаңтарында Сәрсемалиев Атырауда Ақбаян жалдап тұрған пәтерге көшіп келген. Кейін олар тұрғылықты жерін ауыстырған. Алдын ала жарияланған мәліметтер бойынша, 2025 жылы Ақбаян бесінші баласын дүниеге әкелген.
Тағы оқыңыз: Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды
40 миллион теңге және бес баланың тағдыры: Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сот тағы не шешті?
Бір отбасынның жантүршігерлік өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеваның психиатриялық сараптама қорытындысы белгілі болды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus