Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Реновациядан аман қалмайды“: Астанада Кенесары көшесіндегі қасбетті жөндеу себебі түсіндірілді

Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде Кенесары көшесіндегі ғимарат қасбетінің жөндеу жұмыстарын сынға алды. Олар жұмыс барысында бірегей сәулет бөлшектері жоғалып кетуі мүмкін деп қауіптенеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәселенің мән-жайы
Әлеуметтік желілерде Кенесары көшесіндегі ғимараттың қасбетінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының кадрлары пайда болды. Желі қолданушылары сәулет элементтеріне қатысты атқарылып жатқан іс-әрекеттерге көңілі толмайтынын білдірді.

"Бұған сіздердің қатысыңыз бар дегенге сенбеймін! Астанада қаншама керемет жобаларды жүзеге асырдыңыздар, енді Кенесары бойындағы сәулет өнеріне осылай қиянат жасайсыздар ма? Ондаған жыл бойы сақталған, бірақ сіздердің реновацияларыңызға шыдас бермейтін лепнинаға арматура қағу қалай?" – деп жазды қолданушылардың бірі.

Астанадағы ғимарат қасбетінің реконструкциясына қатысты шағым. Threads әлеуметтік желісінен скриншот
Басқа пікір қалдырушылар да көрген дүниелерін сынға алды. Кейбіреулер қасбетті әрлеудің таңдалған әдісі оның бұзылуына әкеп соғуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
Урбанистика орталығы не деп жауап берді?
Урбанистика орталығы барлық сәулет бөлшегі мен элементтері сақталатынын мәлімдеді. Ұйымның ақпаратынша, олар алдын ала сканерленген, ал қазіргі уақытта табиғи тастан бастапқы нұсқасына сәйкес қайта жасалып жатыр.

"Бүгінгі таңда бұл элементтер дайындалу кезеңінде", – деп хабарлады Урбанистика орталығы.

Сондай-ақ онда қасбеттегі жұмыстар әлі де жалғасып жатқаны және ғимараттың қазіргі түрі түпкілікті нәтиже емес екені атап өтілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus