Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азиаданың ресми ашылуына дейін жарыстан шығып қалды

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында өткізген үш матчтің бәрінде жеңіліп, турнирмен қоштасты. Ойындардың ашылу салтанаты тек 19 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Азиаданың ресми басталуына әлі бес күн болса да, бағдарламаның кейбір түрлері бойынша жарыстар басталып кетті. Соның бірі - Қазақстан құрамасы қатысқан баскетбол турнирі болды.
Минус 92 айырмашылығы: баскетболшылар Азиадада қалай өнер көрсетті?
Қазақстан құрамасы Бахрейн, Қытай және Филиппинмен бір топқа түсті. Турнирдің басында команда қытайлықтардан 61:99 есебімен ұтылса, екінші матчте филиппиндіктерге 78:109 есебімен есе жіберді.
Бұған қарамастан, үшінші ойын алдында плей-оффқа шығу мүмкіндігі сақталған еді. Себебі 1/4 финалға әр топтан үздік екі команда ғана емес, үшінші орын алған ең үздік ұжым да жолдама алады.
Алайда регламентті пайдалану мүмкін болмады - қазақстандықтар Бахрейнге 101:78 есебімен жол беріп, топта соңғы орынмен турнирді аяқтады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым


Айта кетейік, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Азиаданың қола жүлдесі бар (2002 жыл). Дегенмен, 2018 және 2023 жылдары команда үздік сегіздікке ене алмады.
Қазақстан баскетболында не болып жатыр?
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарын бастаудан бірнеше ай бұрын ұлттық команданың бұрынғы базалық клубы - "Астана" кәсіби клуб ретінде таратылып, резерв дайындау режиміне ауысқан болатын. Бұған команданың ВТБ Бірыңғай лигасындағы қанағаттанғысыз нәтижелері себеп болды.
Қазақстан Туризм және спорт министрлігі бұл шешімді клуб бір жылдық үзілістен кейін ВТБ Бірыңғай лигасына қайта оралатынын жариялап қойған кезде қабылдады. Осылайша, ойыншылардың жаңа жұмыс орнын тауып үлгеруіне іс жүзінде уақыт қалмаған.
Ведомство ақпаратынша, "Астана" БК-на 2023 жылдан 2026 жылға дейін 7,2 миллиард теңге (жыл сайын 1,8 миллиард теңгеден) бөлінген.
Қазақстан құрамасында маусымды "Астана" сапында бастауы тиіс болған екі ойыншы - Рустам Мырзағалиев пен Асқар Майдекин өнер көрсетті.
Бұдан бөлек, маусым басталмас бұрын Қазақстан чемпионатынан шығатынын қазіргі чемпион - Ақтаудың "Каспийі" мәлімдеген еді. Алайда олардың қаржыландыру мәселесі мәлімдемеден кейін екі күн өткен соң шешіліп, команда лигаға қайта оралды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus