Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Сарбаз жолы“: 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Орал қаласындағы Жеңіс алаңында 20 жасты әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Айтулы шара Абай облысынан бастау алған "Адал азамат - Сарбаз - Отан қорғаушы" жобасы аясында жүзеге асырылды. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобының өкілдері, әскери қызметшілер мен ардагерлер, жастар және ата-аналар қатысты.

Облыс әкімі айбынды әскер мемлекеттің берік қорғаны екенін айтып, абыройлы борышын өтеуге аттанып бара жатқан бозбалаларға сәттілік тіледі.

"Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс қабілетін күшейту жөніндегі тапсырмасы өңірде де жүйелі орындалып жатыр. Отан қорғау – еліміздің қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір әскери борышын адал өтеп жатқан азаматтардың ғана емес, барша қазақстандықтың қастерлі борышы. Бұл тұжырым халық болып қабылдаған жаңа Конституциямызда да айқын көрініс тапты", - деді Нариман Төреғалиев.

ҚР Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары Амангелді Тоғысов әскери тәртіп, әлеуметтік кепілдік және мерзімді әскери қызметшілерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

Салтанатты шарада әскерге аттанғалы тұрған жігіттерге аға буын ақ батасын берді. Болашақ сарбаздарға жаңа Конституция жинағы тапсырылды. Бозбалалар ендігі кезекте Ұлттық Ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде бір жыл қызметте болады.

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айынан басталды. Науқан барысында 600-ден астам жасты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus