Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҰҚК Ақтау әкімшілік полиция басқармасы бастығына қатысты істі тергеп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Ақтау әкімшілік полиция басқармасы бастығы ұсталғанына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ақтау әкімшілік полиция басқармасы бастығы Сүйін Құрмантаев тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Жарияланым мәліметтеріне сүйенсек, жоғары лауазымды полицей белгіленген рәсімді айналып өтіп, 520 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген делінеді. Сондай-ақ бұл істі тергеумен ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары айналысып жатқаны хабарланды.
Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне хабарласты, онда тергеу амалдары басталғаны туралы ақпаратты растады.


"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Анықтама: Әкімшілік полиция - ІІМ жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Ол құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қару-жарақ айналымын бақылауға, әкімшілік жазаларды орындауға және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты. Сондай-ақ полиция отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алумен және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен айналысады.
Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Астана көші-қон қызметінің бұрынғы бастығы ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. ҰҚК Ербол Махметовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.
10 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласының екі шенеунігін ұстады. Олар кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден аса сомада материалдық сыйақы алды деген күдікке ілініп отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus