Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дастан Сәтпаев “Челсиге“ оралды: мән-жайы белгілі

Қазақстандық вингер Дастан Сәтпаев "Бернли" сапында жарақат алғаннан кейін "Челсиге" оралды. Ол жақта футболшының қайта қалыпқа келуіне көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Sport журналист Бобби Винсентке сілтеме жасап.
Британдық Mirror Sport шолушысы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан құрамасының вингері жарақатын "Бернли" дәрігерлерінің ғана емес, "Челси" мамандарының да көмегімен емдеп жатқанын атап өтті.

"Дастан Сәтпаев Кобхэмге ("Челси" ФК базасы – еск.) оңалту курсынан өту үшін оралады. "Бернли" сапында жалдау шартымен өнер көрсетіп жүрген футболшы өткен аптада "Мидлсброға" қарсы тең аяқталған матчте жарақатына байланысты алмастырылған болатын. "Челси" 18 жастағы шабуылшының спорттық бабын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруі үшін "Бернлимен" тығыз жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады журналист.

Еске сала кетейік, "Бернли" бапкері Ники Хайен Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шықпайтынын және қыркүйектің аяғы мен қазанның басындағы құрамалар матчіне берілетін үзілістен кейін толық айығуы тиіс екенін айтқан болатын. Дегенмен зақымның сипаты туралы хабарланған жоқ.
Кейінгі матчінде Сәтпаев 81 минут ойнап, алаңнан санын ұстап шығып кеткен еді.

Сатпаев "Бёрнлиде" өзін еркін сезіне бастағандай. Ол небәрі 18-де болса да — үздік ойыншы"Челсидің" болашағы, дами бер, балақайpic.twitter.com/JmYNyjf34j
— Juice (@CFCJuice) 2 қыркүйек, 2026 жыл
Сәтпаевтың "Челси" мен "Бернлиге" ауысуы
Еске салсақ, қазақстандық Дастан Сәтпаев маусымда "Челси" ойыншысы атанды. Ол лондықтар сапында бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, гол соғып үлгерді.
Осыған қарамастан, клуб басшылығы бапкерлер штабымен бірлесіп, вингерді Чемпионшиптегі "Бернлиге" жалға беру туралы шешім қабылдады. Дастан бапкердің сеніміне тез ие болып, команданың кейінгі үш матчінде негізгі құрамда алаңға шықты.
Қазақстандық футболшы әлі гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермесе де, жанкүйерлер оның ойынына тәнті болды, ал лига оны "Мидлсброға" қарсы кейінгі кездесудің үздік ойыншысы деп таныды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы


"Бернли" бұл маусымда жеңіске жете алмай келеді
Айта кетейік, Сәтпаевтың жаңа командасы үшін маусым әзірге сәтсіз өтіп жатыр. Чемпионшиптегі алты матчтің үшеуінде команда ұтылып, үшеуінде тең түсті. Турнир кестесінде "Бернли" соңғының алдындағы орында тұр.
Сәтпаев жарақат алғаннан кейінгі алғашқы ойында "Бернли" 0:1 есебімен алда тұрған еді, бірақ екінші таймда "Рэксхэмнен" гол жіберіп алып, тағы да тең ойнады.

Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта бойы алаңға шықпайды
Ұлыбританиялық БАҚ Дастан Сәтпаевты “Челси“ құрамына қосты
“Мүмкіндікті күтемін“ – аңызға айналған форвард Сәтпаевтың командасында ойнау туралы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus