Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БЖБ және ТЖБ барлық сыныпта кезең-кезеңімен жойылады

Бастауыш сыныптардан кейін БЖБ мен ТЖБ-ны 5–9-сынып оқушылары үшін, содан кейін 10-11-сыныптар үшін кезең-кезеңімен жою жоспарланып отыр. Оқу-ағарту министрлігі бұл өзгерістерді келесі оқу жылынан бастамақ. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте министр Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.
Министрден бастауыш мектепте БЖБ мен ТЖБ жойылғаннан кейін, неге мұндай тәсіл әлі күнге дейін орта және жоғары сыныптарға енгізілмегені туралы сұралды.
Анықтама: БЖБ - бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бұл - оқушылар оқу бағдарламасының белгілі бір бөлімін аяқтағаннан кейін орындайтын тексеру жұмысы. ТЖБ - тоқсан бойынша жиынтық бағалау. Бұл - оқу тоқсанының соңында өткізілетін және осы кезеңде өтілген материалды қамтитын қорытынды жұмыс.
Сүлейменованың айтуынша, бастауыш мектеп үшін оқу бағдарламаларына, үлгерім мен бағалау жүйесіне толық талдау жасалған. Енді дәл осындай жұмыс келесі сыныптар үшін жүргізілуі тиіс.

"5–9-сыныптарға келетін болсақ, бұл - келесі кезең. Біз оған келесі оқу жылынан бастап көшуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін 10–11-сыныптардағы бағалау жүйесін қайта қараймыз", - деді министр.

Өзгерістерге дайындық мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында бағалау бойынша жеке департамент құрылды. Ол педагогтар үшін бағалау критерийлерін және басқа да әдістемелік материалдарды дайындауы тиіс.

"5–9-сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны жою үшін дәл сондай аналитикалық және әдістемелік жұмыс жүргізу қажет. Сондықтан келесі оқу жылынан бастап 5–9-сыныптарда, кейін 10–11-сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны кезең-кезеңімен жоюды жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды Жұлдыз Сүлейменова.

Министр БЖБ мен ТЖБ-ның жойылуын талаптардың жеңілдеуі ретінде қабылдамау керектігін баса айтты.

"Әр сынып пен әр бала үшін оның жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалардың белгілі бір циклі қарастырылған және бала оларды орындауы тиіс", - деп түйіндеді ол.

БЖБ мен ТЖБ жойылды
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2–4-сынып оқушылары үшін БЖБ мен ТЖБ жойылды. Бөлімдер аяқталғаннан кейін толық сабаққа есептелген аралық бағалау өткізіледі. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау сақталып қалды - мұғалім баланың бүкіл сабақ бойындағы жұмысын ескереді.
Мамыда Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның барлық мектептерде БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп бас тартуды қарастырып жатқанын, бірақ ол үшін сараптама мен негіздеме қажет екенін айтқан болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus