Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Вице-министр Қазақстандағы сиыр етінің орташа бағасын атады

Биылғы құрғақшылық жем-шөп дайындауға әсер ете ме және алдағы уақытта сиыр етінің қымбаттауына әкелуі мүмкін бе? Бұл сұраққа ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифинг кезінде журналистер биыл бірқатар өңірде күн райы ыстық әрі құрғақ болғанын айтты. Азат Сұлтановтан осы жағдайға байланысты мал азығымен қиындық туындамай ма және бұл сиыр еті құнының өсуіне әсер ете ме деп сұрады.
Шенеуніктің айтуынша, министрлік жыл сайын егін шығымы, жайылымдар мен шабындықтардың жай-күйін ескере отырып, алдағы маусымға арналған жем-шөп дайындау жоспарын құрады. Оның сөзінше, биыл ауа райы бірнеше өңірдегі өнімділікке шынымен де әсер еткен.

"Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында өнімділік төменірек. Сонымен қатар батыс өңірлерде - Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында өнім жақсы", - деді вице-министр.

Сұлтановтың айтуынша, қазіргі уақытта жем-шөп дайындау жоспары 80 пайызға орындалды. Бұл ретте маусым әлі жалғасып жатыр - алда сүрлем, пішендеме және сабан дайындау жұмыстары тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі қорытындысында жоспар толық орындалады деп есептейді.

"Біздің және өңірлердің растауынша, жоспар 100 пайызға орындалады. Сондықтан жекелеген аймақтарда жем-шөп тапшылығы болады деп болжап отырған жоқпыз", - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар вице-министрден сиыр етінің бағасы да сұралды: журналистің айтуынша, кей жерлерде еттің келісі қазірдің өзінде 4500 теңгеден сатылып жатыр.
Шенеунік сиыр еті қолжетімсіз болып кетті деген пікірмен келіспеді. Оның сөзінше, республика бойынша орташа баға келісіне шамамен 3800 теңгені құрайды. Сұлтановтың айтуынша, Астанада "Шапағат" базарында сиыр еті шамамен 3950 теңге, "Артем" мен "Сауран" базарларында 4200 теңге шамасында тұрады. Дүкендерде еттің мүшеленіп сатылуына байланысты баға бұдан жоғары болуы мүмкін.
Еске сала кетейік: тамыз айында Сауда министрлігінің басшысы Арман Шаққалиев Қазақстандағы ет бағасының өсуі ішкі және экспорттық сұраныстың жоғары болуымен байланысты екенін түсіндірген болатын. Ол кезде министрлік бағаның күрт өсуі мен өнім тапшылығы байқалмағанын айтқан еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus