Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балағат сөздері бар видео жариялаған дәрігер жұмысынан айырылған, бірақ сот оның жағына шықты

Қазақстандағы емханалардың бірінің дәрігері әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан видеосын жариялағаннан кейін жұмысынан айырылды. Жұмыс беруші оны кәсіби қызметке қойылатын талаптарға сай келмейді деп танып, қызметкерді жұмыстан шығарған. Мәселені сотта шешуге тура келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотқа сілтеме жасап.

Сотта әйел 2023 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік емханада дәрігер болып жұмыс істегені анықталған. 2025 жылғы 8 тамызда жұмыс беруші онымен еңбек шартын бұзған.

Дәрігердің әлеуметтік желіге жүктеген видеороликтері жұмыстан шығаруға себеп болған. Онда ол балағат сөздер қолданған.

Жұмыс беруші оны Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4-1-тармақшасы бойынша - қызметкердің кәсіби қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан босатқан.

Әйел жұмыстан шығару туралы шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Ол жұмысқа қайта орналастыруды және мәжбүрлі түрде жұмыссыз қалған уақыты үшін жалақы төлеуді талап етті.

Алайда бірінші сатыдағы сот, содан кейін апелляциялық сот жұмыс берушінің жағына шықты.

Кассациялық сот бұл шешімдердің күшін жойды. Судьялар жұмыс берушінің балағат сөздері бар жарияланымдар дәрігердің кәсіби біліксіздігін айғақтайтыны туралы дәлелдер ұсынбағанын атап өтті.

Бұл ретте жұмыс берушінің әйелдің жұмысына қатысты ешқандай шағымы болмаған.

Нәтижесінде азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот дәрігердің талап-арызын қанағаттандырып, оның еңбек құқықтарын қалпына келтірді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus