Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

8 қыркүйектен бастап WhatsApp кей смартфондарда жұмысын тоқтатты

8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android 5.0 және 5.1 Lollipop нұсқасындағы смартфондарды қолдауды тоқтатты. Енді мессенджер жұмыс істеуі үшін операциялық жүйенің ең төменгі нұсқасы Android 6.0 Marshmallow болуы тиіс, деп хабарлайды Tengri Life WABetaInfo сайтына сілтеме жасап.

Бұл өзгеріс кәдімгі WhatsApp-қа да, WhatsApp Business-ке де қатысты.

Егер сіз ескі смартфон пайдалансаңыз және жаңартуларды көптен бері тексермеген болсаңыз, құрылғыда Android-тың қай нұсқасы орнатылғанын көретін уақыт келді.

Бұл қандай смартфондарға әсер етті?

Мұнда бәрі оңай: егер телефоныңыз Android 5.0 немесе 5.1 нұсқасымен жұмыс істесе және оны Android 6.0 немесе одан жаңа нұсқаға жаңарту мүмкін болмаса, онда WhatsApp бұдан былай жұмыс істемейді.

Негізінен бұл өндірушілер қолдауын тоқтатқанына көп болған ескі модельдерге қатысты. Мұндай құрылғылар әртүрлі елдерде, әсіресе Үндістан, Бразилия, Пәкістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерінде әлі де қолданыста.

WhatsApp жұмыс істемей қалса не істеу керек?

Әзірлеушілердің айтуынша, пайдаланушылар алдымен смартфондағы Android жүйесін жаңарту мүмкіндігін тексеруі керек. Әдетте мұны құрылғының баптаулары арқылы жасауға болады.

Егер Android 6.0 немесе одан жаңа нұсқаға жаңарту қолжетімді болса, оны орнату қажет. Осыдан кейін WhatsApp қайтадан жұмыс істей бастайды.

Егер телефон бұдан былай жаңартуларды қабылдамаса және Android 5.0 немесе 5.1 нұсқасында қалса, пайдаланушыға заманауи құрылғы сатып алуға тура келеді.

WhatsApp ескі Android нұсқаларын пайдаланушыларға қолдаудың тоқтатылатыны туралы алдын ала ескерткен болатын, сондықтан көптеген адам үшін бұл өзгеріс күтпеген жағдай болған жоқ.

Неге WhatsApp ескі Android нұсқаларын қолдауды тоқтатады?

Инсайдерлердің мәліметінше, мессенджер үнемі жаңарып отырады және әзірлеушілер үшін жаңа функциялардың қолдау көрсетілетін құрылғыларда дұрыс жұмыс істеуі маңызды.

Бұл ретте тым ескі жүйе нұсқаларын қолдау барған сайын қиындай түсуде, сондықтан уақыт өте келе олардан бас тартуға тура келеді. Пайдаланушылардың көпшілігі үшін бұл өзгеріс байқалмайды.

Тағы оқыңыз: WhatsApp-та фото және видео үшін жаңа белгі пайда болады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus