Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Жұмыс істегісі келген адам жұмыс таба ма?“ Бектенов еңбек министрінен вакансиялар туралы сұрады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда жұмыс істегісі келетіндер үшін жұмыс бар екенін мәлімдеді. Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың баяндамасынан кейін ол осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бектенов Еңбек министрлігінің басшысынан қазіргі еңбек нарығындағы жағдай мен қазақстандықтар үшін қандай бос жұмыс орындары бар екенін сұрады.

"Асқарбек Маратұлы, жалпы еңбек нарығындағы жағдай қандай? Қандай бос жұмыс орындары бар, қандай үрдістер байқалады?" - деп сұрады Үкімет басшысы.

Ертаевтың айтуынша, жыл басынан бері жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 850 мың бос жұмыс орнын орналастырған, оның 420 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі.

"Азаматтарымыздың 60–70 пайызы осы портал арқылы жұмыс тауып жатыр, бірақ бос жұмыс орындарының 30–40 пайызына адам жетпейді, сондықтан жұмыс берушілер шетелдік мамандарды тартады", - деп жауап берді министр.

Ертаевтың сөзінше, бір жылдың ішінде Қазақстанға жұмыс істеу үшін 300 мыңға жуық шетелдік маман келеді.
Осыдан кейін премьер-министр бос жұмыс орындарының санын нақтылады.

"800 мыңдай ма, әлде миллионға жуық бос жұмыс орны бар ма?" - деп нақтылады Бектенов.

Ертаев жыл басынан бері 850 мың бос жұмыс орны болғанын айтты.

"Яғни, жұмыс істегісі келетін адамға әрқашан жұмыс табылады ғой?" - деп тағы бір мәрте нақтылады премьер-министр.

Министр бұл сауалды мақұлдап, "жұмыс істегісі келетін адамға жұмыс бар" деп қосты.
Бектенов қажетті мамандардың тапшылығынан жұмыс берушілердің шетелден жұмысшы тартуға мәжбүр екенін атап өтті.

"Жұмыс тоқтап қалмауы үшін біз шетелден мамандар тартуға мәжбүрміз. Бұны халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Елде жұмыс жоқ деген пікір болмауы тиіс", - деді премьер-министр.

Бұған дейін біз Қазақстанның еңбек нарығындағы парадокс туралы жазған едік: жұмыс іздеушілер жұмысқа орналасудың қиындығын айтып шағымданса, жұмыс берушілер бос орындардың бір бөлігін толтыра алмай отыр. Сарапшылар мұның бір себебі ретінде үміткерлер біліктілігінің бизнестің нақты сұраныстарына сәйкес келмеуін атайды.
2026 жылдың маусым айында жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 108,7 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 126,7 мың түйіндеме орналастырған.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін мамандықтар аталды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus