Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Нақты мерзім жоқ“ - Ғылым министрлігі қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы

Қазақ тілін латын қарпіне көшірудің нақты мерзімі әзірге белгісіз. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Брифинг барысында оған латын қарпіне көшу процесі жалғаса ма және бұл үшін нақты мерзім белгіленген бе деген сұрақ қойылды.
Эльмира Асанның айтуынша, қазіргі уақытта мамандар жаңа әліпби жобасы мен латын қарпіне негізделген емле ережесін пысықтауды жалғастырып жатыр.

"Бүгінде латын қарпіне негізіндегі әліпби жобасы мен емле ережесі жетілдіріліп жатыр. Аталған жобалар тиісті нормативтік-құқықтық құжаттармен бекітілгенге дейін латын қарпін әртүрлі нұсқада қолдану негізсіз", - деп жауап берді ол.

Ведомство өкілі 2022 жылы ғалым-лингвистер Ұлттық комиссияға әліпбидің жаңа жобасын ұсынғанын, содан кейін ол қайта өңдеуге жіберілгенін еске салды.
Латын қарпіне көшудің нақты мерзімі туралы сұраққа Асан әзірге мұндай мерзім белгіленбегенін айтты.

"Қазір нақты мерзім жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр, Үкімет тарапынан нақты тапсырма болғанға дейін мерзім белгіленбеген", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Осылайша, жаңа әліпби бойынша жұмыс жалғасып жатыр, алайда оны бекіту күні де, латын қарпіне көшу мерзімі де бүгінде анықталмаған.
Латын қарпіне көшу
Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі 2012 жылдан бері талқыланып келеді. 2017 жылы 2025 жылға дейін латын қарпіне кезең-кезеңімен көшуді көздейтін жарлыққа қол қойылған болатын.
Алайда кейін мерзім қайта қаралды. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын қарпіне көшуге дайындық кезінде "көптеген өрескел қате жіберілгенін" айтып, реформаға асықпай, жаңа әліпбиді мұқият пысықтауға шақырды.
Тағы оқыңыз: “Қыркүйек” әлде “қыргүйек”: Ғылым министрлігі дауға нүкте қойды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus