Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада бойынша шешімін айтты

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол AqyrysSeitqazy арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.
33 жастағы спортшы үшін 2028 жылғы Олимпиада мансабындағы төртінші Олимпиада болуы мүмкін.
Сметов спорттық мансабын жалғастыруға шешім қабылдағанын айтып, алда қалған уақытты барынша тиімді пайдаланып, дзюдода жаңа жетістікке жетуді көздейтінін айтты.

"Төртінші Олимпиадаға баруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті барынша пайдалану үшін үлкен спорттағы мансабымды жалғастыруға шешім қабылдадым. Қазақта "Алтын тапқан жерді белден қаз" деген сөз бар ғой. Менің өмірімде, менің саламда алтын тапқан жерім - спорт, соның ішінде дзюдо. Дзюдода мен қолданатын әдістер бар - бір рет пе, екі рет пе, әйтеуір сол тәсілдерім. Мұнда алтын бар, мен оны соңына дейін алуым керек. Маған тиесілі, маған керек алтынды алуым керек. Өйткені сол үшін алтыннан да қымбат дүниемді беріп жүрмін. Ол - менің денсаулығым", - деді спортшы сұхбат барысында.


Сметов Олимпиададан кейін екі жыл үзіліс алды
Қазақстандық Елдос Сметов үш Олимпиада ойындарында қатарынан жүлде алды: 2016 жылы күміс, 2021 жылы қола, 2024 жылы алтын медаль иеленді. Париждегі жеңіс Қазақстан дзюдосы тарихындағы алғашқы Олимпиада алтыны болды.
Париж Олимпиадасынан кейін чемпион біраз уақыт жарысқа қатыспады. Алдымен ағылшын тілін үйренуге кетті, кейін ұзақ уақыттан бері мазалап жүрген жарақаттарына байланысты бірнеше ота жасатты.
Үзілістен кейінгі алғашқы жарысы 2026 жылғы маусымда Қытайда өткен Гран-при болды. Сметов турнирді екі жеңіспен бастағанымен, қорытындысында бесінші орын алды.
Олимпиададағы жеңісінен кейін Сметов бұдан өзге жарыстарға қатысқан жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

YELDOS SMETOV (@yeldos60kg) жариялаған жазба

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus