Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағанды облысында камералар рөлде телефонмен сөйлескендерді тіркей бастады

Қарағанды облысындағы камералар көлік тізгінінде отырып телефонмен сөйлесуді автоматты түрде тіркей бастайды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2 қыркүйектен бастап өңірдегі 120 кешен жылдамдықты асырудан бөлек, тағы екі бұзушылықты тіркейтін болады. Сөз қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу және қауіпсіздік белдігін тақпау туралы болып отыр.
Айыппұл туралы қаулылар автоматты түрде жазылады.
Полиция департаменті көлік айдап бара жатып телефон пайдаланудың қауіптілігін еске салды. Ведомство мәліметінше, егер жүргізуші сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатып, экранға небәрі бес секундқа алаңдаса, көлік шамамен 100 метрді соқыр сезіммен жүріп өтеді.
Сондай-ақ онда қауіпсіздік белдігі жол-көлік оқиғасы кезіндегі салдардың ауырлығын төмендететіні атап өтілді.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлікті басқарудан алаңдамауға шақырды.
Камералардың мүмкіндіктері қандай?
Еске сала кетейік, 12 наурыздан бастап Қазақстан жолдарындағы камералар бұрын тек қолмен анықталатын ең көп таралған бұзушылықтарды тіркей бастады. Олардың қатарында көлік тізгінінде телефонмен сөйлесу және қауіпсіздік белдігін тақпау бар.
Сонымен қатар камералар құжаттарға қатысты бұзушылықтарды да тіркей алады:

мерзімі өткен техникалық байқау;
қолданыстағы сақтандыру полисінің болмауы.

ІІМ-нің хабарлауынша, бірінші айда камералар қауіпсіздік белдігін тақпаудың 3 042 дерегін және көлік айдап бара жатып телефон пайдаланудың 18 дерегін тіркеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus