Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зумерлер Алматыдағы “романтикалық“ серуен қандай болатынын көрсетті

Әлеуметтік желілерде алматылықтардың видесы танымалдылыққа ие болды. Онда көзге жайлы көшелер, саялы аллеялар мен кафедегі какаоның орнына құрылыс қоршаулары, қазылған жер, шұңқырлар және "Мұны қалай айналып өтуге болады?" деген сұраққа жауап іздеу сәттері түсірілген, - деп хабарлайды Tengri Life.
Жайяу жүргіншілер жолының сиқы қандай?
Видео авторлары Алматы көшелерімен серуендеу кезінде қандай кедергілерге тап болатынын әзілмен көрсеткен. Желі қолданушылары жолдар мен тротуарлардың жөнделуі қала ішіндегі үйреншікті бағыттарды едәуір өзгерткенін атап өтті.

@ms.yuliana_ Алматылықтар, сіздердің серуендеріңіз қалай өтіп жатыр? ???? #рек #рекомендации #алматы #локацииалматы #кудасходитьалматы ♬ original sound - Justin J Moore

Кей жерлерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аймақты жолдың жиегімен айналып өтуге тура келсе, кейде көшенің келесі бетіне өтуге мәжбүрсің. Ал кейде кері бұрылып, серуенді қайта бастаған оңайырақ.

@alina.rakhimbayyбіз қайда қыдырамыз♬ Saxophones getting louder - Sped Up - AntonioVivald

Алматылықтардың видеосында серуен кедергілер жолағына көбірек ұқсайды: алдымен өтетін жер тауып, сосын аяқ киімді ластап алмау керек, ал соңында бұл жолдың жалпы қайда апаратынын түсіну қажет.

@ursulatenelbay жеке тәжірибе #амбассадоралматы ♬ original sound - 2000s pop hits

Пікір қалдырушылар екі топқа бөлінді. Бірі жөндеу жұмыстары қажет екенін және қалаға уақыт беру керек екенін айтса, екіншілері жұмыстардың ешқандай қозғалыссыз ұзақ тұрып қалатынына шағымданады.

"Қолайсыздық - уақытша, пайдасы - мәңгілік", "Жолды, құбырларды және кәріз жүйесін жасап жатыр - бұл жақсы ғой. Бірақ қазір қыдыру, әрине, ыңғайсыз", "Қазып тастайды да, кейін күні-түні жұмысшылар көрінбейді", "Бүкіл аяқкиімімді батпақ қылдым", - деп жазды желі қолданушылары.

Кейбір пікір қалдырушылар қала жаяу жүргіншілер үшін әдейі күнделікті тапсырмалар дайындап қойғандай деп әзілдейді. Сондай-ақ желі қолданушылары жұмыстар аяқталғаннан кейін көшелердің шынымен де ыңғайлы әрі әдемі болатынын айтып жатыр.

@nagidollayevnaaнеге бәрін қазып тастаған♬ оригинальный звук - music_day2026

Қай көшелер жөнделіп жатыр?
Дегенмен, ол уақытқа дейін алматылықтарға сәл шыдауға тура келеді. Әкімдік мәліметінше, 2024 жылы жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын шамамен 340 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri Almaty (@tengri.almaty) жарияланымы


Сонымен қатар, жұмыстардың бір бөлігі аяқталып үлгерді. 1 қыркүйекке қарай қалада жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын 15 магистральды көшенің учаскелері жөнделді. Олардың қатарында Зенков, Жамақаев, Жетісу, Шемякин, Мәмбетов, Рысқұлбеков, Жанқожа батыр, Искендиров, Ақан Сері, Манас, Ғабдуллин, Жандосов, Орталық, Үшкемпіров көшелері мен Құлжа тасжолы бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri Almaty (@tengri.almaty) жарияланымы


Айта кетейік, Алматының 13 негізгі көшесін қайта жаңарту жұмыстары бірнеше айдан бері жалғасып келеді.
Тағы оқыңыз: Жандосов көшесінде жолды қазып тастады: Алматыда жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus