Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Реал“ жұлдызы көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұсталған: жазасы белгілі болды

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Рауль Асенсио көлікті мас күйде айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылып, миллиондаған айыппұл арқалады, деп хабарлайды Tengri Sport AS басылымына сілтеме жасап.
Тамызда полицейлер Асенсио тізгіндеген көлікті тоқтатып, оның қанынан алкоголь белгілері табылған болатын. Енді ойыншыға қатысты сот үкімі шықты.

"Ойыншы жеделдетілген сот ісі барысында кінәсін мойындады. Оған 14 мың 400 еуро (7 миллион теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынып, сегіз айға жүргізуші куәлігінен айырылды", - деп хабарлайды БАҚ.

Еске сала кетейік, 23 жастағы қорғаушы - мадридтік академияның түлегі, ол өткен маусымда команда сапында 34 кездесу өткізген.
Қазіргі уақытта ол бұлшықет жарақатынан емделіп жатыр, сол себепті маусым басында "Реалға" көмектесе алмады.

⚽ "Реал Мадрид" футболшысы Рауль Асенсио Гран-Канарияда мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталды. Канарлық қорғаушы Сан-Бартоломе-де-Тиражанадағы тексеріс кезінде тыныс алу тестінен 0,90 мг/л көрсеткішін көрсетті.https://t.co/e1Yy0rDUuO pic.twitter.com/PKbBxaotv5
— AtlánticoHoy (@atlantico_hoy) 2 қыркүйек, 2026 жыл
Мадридтік "Реал" маусымды Асенсиосыз қалай бастады?
Айта кетейік, негізгі қорғаушылардың бірі жарақатынан айығып жатқанда, мадридтік "Реал" маусымды қатарынан үш жеңіспен бастады: "Малага", "Реал Сосьедад" және "Эспаньолды" тізе бүктірді. Бұл ретте үш ойынның екеуінде команда өз қақпасына гол өткізіп алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Рауль Асенсионың (asencio) жарияланымы


Бұған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған болатын. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Тағы оқыңыз: Әлем чемпионатының жұлдыздары клубын ауыстырды: жаздағы топ-5 трансфер
“Мен мұнда ешкім емеспін“: Елеусінов Астанадағы жол апатынан кейін АҚШ-қа кетуі туралы пікір білдірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus