Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Мен мұнда ешкім емеспін“: Елеусінов Астанадағы жол апатынан кейін АҚШ-қа кетуі туралы пікір білдірді

Бокстан Олимпиада чемпионы, қазақстандық Данияр Елеусінов АҚШ-та өзін ешкім емес деп сезінетінін айтты, деп хабарлайды Tengri Sport спортшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Даниярдың оқырмандарының бірі боксшыдан 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тым ауыр емес пе және бұл оның мотивациясына қалай әсер ететінін сұрады. Елеусінов Қазақстанда кейінгі уақытта өзін жазадан тыс қалғандай сезінгенін айтты.


"Өзім кінәлімін... Қазақстанда шектен шығып кеттім... Мұнда мен ешкім емеспін", - деп жазды боксшы пікірге берген жауабында.

Еске сала кетейік, 9 шілдеде Елеусінов Астанада мас күйде көлік жүргізіп, ірі жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін ұсталған болатын. Елорданың әкімшілік соты боксшыны 20 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.28 шілде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, ал тамызда кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа ұшып кетті. 18 тамызда спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында чемпион атанған Рио Олимпиадасынан кейін ішімдікке әуестенгенін мойындады.
Скриншот: instagram.com/yeleussinovdaniyar/
Данияр Елеусінов деген кім?
Еске сала кетейік, 2016 жылы Риода (Бразилия) өткен Олимпиадада боксшы Данияр Елеусінов 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген болатын.2018 жылы спортшы кәсіпқой бокстағы мансабын бастап, 2020 жылға қарай жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация: Tom Yankello-World ClassBoxing (@tomyankelloboxing)


Осы уақыт ішінде Елеусінов 13 жекпе-жек өткізіп, оның 8-ін нокаутпен аяқтады, бірақ мансабындағы ұзақ үзіліске байланысты чемпиондық белбеуінен айырылып қалды.
Былтыр Данияр UFC басшысы Дана Уайттың Zuffa лигасымен келісімшартқа отырды, бірақ әзірге онда бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация: Қазақстан Кәсіпқой Боксы (@kazboxingtm)


Олимпиада чемпионы кейінгі жекпе-жегін 2025 жылдың 19 шілдесінде Вашингтонда өткізіп, филиппиндік Джеймс Бэконды мерзімінен бұрын жеңді.“Қалай жолыққанымды білмеймін“: Елеусінов Олимпиададан кейін ішімдікке әуестенгені туралы айтты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus