Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Аида Балаева Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа лауазым - Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалатынын жариялаған болатын.


"Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Сенбіде Тоқаев жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты құрылды.
Аида Балаеваның өмірбаяны
Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ал 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
1999 жылдан 2004 жылға дейін Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жұмыс істеді. 2004 жылы Алматы ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімін басқарды. 2006 жылы Алматы ішкі саясат департаментінің директоры болды. 2010-2014 жылдар аралығында Астана әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
2014 жылы Президент Әкімшілігіне жұмысқа ауысып, ішкі саясат бөлімін басқарады. 2019 жылы Аида Балаева Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2020 жылы ол ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Ал 2022 жылы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына ие болды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Президент жарлығымен Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
2025 жылғы 1 желтоқсанда Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus