Алматыдағы айналма жолда жүк көлігі аударылып қалды: видео
Алматыда Шығыс айналма жолынан Талғар тасжолына шыға берісте жүк көлігі аударылып қалды. Апат болған сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жолдағы оқиға бүгін түстен кейін Halyk Arena маңында болған.
Жол апаты болған сәттің видеосын оқырман Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp-нөміріне жолдады. Бейнежазбадан бұрылыста озғаннан кейін жүк көлігі тепе-теңдікті жоғалтып, аударылып, жол жиегіндегі қоршаудың бір бөлігін қиратқанын көруге болады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жақын маңдағы бірнеше жеңіл көлік зақымданды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Редакция пікір алу үшін Алматы полициясына жүгінді. Расталмаған ақпарат бойынша, ауыр жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.
Бұған дейін Tengri Auto редакциясына Алматы тұрғыны хабарласып, соңы шабуыл және соққыға жығумен аяқталған жол үстіндегі жанжал туралы айтып берді. Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз.