Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы облысының тұрғыны алаяқтарға 13 миллион теңгеден астам ақша бере жаздады

Алматы облысында киберполиция қызметкерлері 13 миллион теңгеден астам сомаға интернет-алаяқтықтың алдын алды. Алаяқтардың арбауына түсе жаздаған азамат – облыс тұрғыны, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам алаяқтардың қатты психологиялық қысымына түскен. Олардың нұсқауымен ол туыстарынан жасырынып, телефон қоңырауларына жауап бермей, бірнеше банктен несие рәсімдеуге әрекет жасаған.
Күдікті әрекет туралы белгі алаяқтық қоңырауларды анықтайтын арнайы жүйе арқылы түскен. Полицейлер ер адамның жұбайы мен балаларын тауып, болып жатқан жағдайды түсіндірген. Туыстары дереу банктерге хабарласып, соның арқасында несиелердің рәсімделуін тоқтатуға мүмкіндік туған.
Ер адамның өзі өндірістік база аумағынан табылды. Алайда ол полицейлермен кездескен кезде де белгісіз адамдарға сенуін тоқтатпаған. Тіпті тәртіп сақшылары мен өз ұлының сөзіне құлақ аспаған.
Тек алаяқтарға 13 миллион теңгеден астам қаражат бере жаздағанына көзі жеткеннен кейін ғана ер адам болған жағдайды түсінген.

Алматы облысында бір тәуліктің ішінде осыған ұқсас 13 алаяқтық әрекеттің жолы кесілді.
Жалпы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жылда еліміз бойынша 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға 1 152 интернет-алаяқтық дерегінің алдын алған. Сондай-ақ алаяқтардың 2,7 миллиард теңгені шетелге шығаруына тосқауыл қойылып, зардап шеккен азаматтарға 5,6 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылған.
Полиция азаматтарға бейтаныс адамдар телефон арқылы сөйлескен әңгімені жақындарынан жасыруды, несие рәсімдеуді, ақша аударуды немесе қандай да бір қосымша орнатуды талап етсе, олармен байланысты бірден үзуді ескертеді.
Мұндай жағдайда банкке немесе полицияға өзіңіз хабарласқан жөн. Сондай-ақ алаяқтардың сізді жақындарыңыздан және шынайы көмек көрсете алатын адамдардан оқшаулауына жол бермеу керек.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus