Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматылықтарға 1 қыркүйекте көліктен бас тарту ұсынылды

Алматы мектептері маңында патрульдік бақылау күшейтіліп, қозғалысты қолмен реттеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Auto.
Оқу жылының алғашқы күндері Алматы мектептері маңында 700-ге жуық полицей мен 130-дан астам патрульдік экипаж кезекшілік етеді. Көлік көп шоғырланған учаскелерде инспекторлар қозғалысты қолмен реттейді.

"Жалпы білім беретін мектептерде сол аумақты, оқу орнына кіреберіс пен жаяу жүргіншілер жолын жақсы білетін полиция қызметкерлері бекітілген. Қыркүйектің алғашқы күндерінде олардың жұмысы күшейтіледі. Көлік қозғалысы аса тығыз учаскелерде инспекторлар қолмен реттеуге көшеді. Бұл балалардың жолдан қауіпсіз өтуіне, көлік ағынының шамадан тыс кептеліс тудырмауына мүмкіндік береді", - деді Тимур Ноғайбаев.

Оқу жылы басталар алдында полиция қалалық қызметтермен бірлесіп, мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелін, жол белгілерін, таңбалар мен жарықтандыруды тексереді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін жауапты қызметтерге нұсқама жолданады.
Мектеп автобустары да жеке тексеруден өтеді. Мамандар көліктің техникалық жағдайын, балаларды тасымалдау талаптарының сақталуын және маршруттардың ұйымдастырылуын бағалайды.
Ата-аналарға жол ережесін сақтау ескертілді
Сонымен қатар полиция ата-аналарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және мектеп маңында кептеліс тудырмауға шақырады. Атап айтқанда, жүргізушілерден көлікті екінші қатарға қоймауды және жаяу жүргіншілер өткелі маңында қалдырмауды сұрайды.

"Балалар жол ережесін әрдайым білмегендіктен бұзбайды. Кейде бала асығады, телефонға алаңдайды, құлаққаппен жүреді немесе жолдан тезірек өткісі келеді. Алайда көп нәрсе ата-ананың мінез-құлқына байланысты: егер ересек адам қызыл шамға өтіп кетсе немесе жолды белгіленбеген жерден кесіп өтсе, бала мұны қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастайды да, оның арты оқыс жағдайға алып келуі мүмкін", - деп атап өтті спикер.

Күзде полиция балалардың киімі мен рюкзактарына жарық шағылыстыратын элементтерді қолдануды ұсынады. Бұл әсіресе күннің қысқаруына байланысты таңертең және кешкі уақытта өте маңызды.

Электрсамокаттар бақылауда
Білім беру мекемелері маңында электрсамокаттарға, велосипедтерге және басқа да жеке мобильді құралдарға бақылау күшейтіледі.

"Балалардың қауіпсіздігін тек полицияның күшімен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл – полицияның, педагогтердің, ата-ананың, жүргізушілер мен оқушылардың ортақ жауапкершілігі. Біз ересектерден баламен оның мектепке баратын бағытын алдын ала талқылауды, жолды қауіпсіз кесіп өтетін жерлерді көрсетіп, өздерінің де жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауын сұраймыз. Біздің ортақ міндетіміз – баланың мектепке барып-қайту жолын барынша қауіпсіз ету", - деп түйіндеді Тимур Ноғайбаев.

Полиция 1 қыркүйекте көлік кептелісі артады деп болжап отыр, сондықтан тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады.
Полиция 1 қыркүйек қарсаңында жүргізушілерге үндеу жасады
Тағы оқыңыз: Қазылған жолдар және оқу жылының басталуы: Алматыда кептеліске қалай дайындалып жатыр?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus