Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан олимпиадалық құрамамен ілесіп баратындарға лимит енгізді

Туризм және спорт министрлігі Олимпиада ойындары мен басқа да кешенді жарыстарға баратын делегацияларға қойылатын жаңа талаптарды жариялады. Енді ілесіп жүретіндер саны жарысқа қатысатын спортшылардың санына тікелей байланысты болады, деп хабарлайды Tengri Sport ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұған дейін ілесіп баратын тұлғалардың құрамын жасақтау бойынша бірыңғай сандық нормативтер болмаған.
Жаңа нормаларға сәйкес, енді ілесіп баратын тұлғалар санын арнайы формула арқылы есептеуге болады.

"Енді олардың саны спортшылардың санына, жарыстың деңгейі мен ерекшелігіне, сондай-ақ ұлттық құраманың нақты қажеттілігіне қарай белгіленеді.
Өкілдердің үлесі мына формула бойынша есептеледі: өкілдер саны/спортшылар саны×100", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, енді Туризм және спорт министрлігі мен оған қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жазғы Олимпиадаға 3 және 2 пайыздан аспайтын, ал қысқы Олимпиадаға 10 және 8 пайыздан аспайтын квота алады.
Сонымен қатар ең үлкен квота жаттықтырушылар штабының өкілдеріне қарастырылған – жазғы Олимпиадада 86 пайызға дейін және қысқы Олимпиадада 100 пайызға дейін.
Осылайша, егер 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар саны 36 адам болса, онда олардың барлық жаттықтырушыларына арналған квота 36 адамнан аспауы тиіс. Бұл ретте нақты бір спортшыға берілетін жаттықтырушылар квотасының саны оның нәтижелері мен медаль үшін күрестегі әлеуетіне байланысты болады.
Медицина қызметкерлері, БАҚ, сондай-ақ Ұлттық олимпиадалық комитет өкілдері үшін бөлек квота қарастырылған.
Бұл ретте квоталардың пайыздық арақатынасы жарыстың мәртебесіне байланысты. Нақты нормалар сілтеме бойынша кестеде келтірілген.

Кейінгі Олимпиада делегациясы жаңа нормаға қаншалықты сәйкес келді?
Айта кетейік, ашық деректерге сүйенсек, кейінгі Олимпиададағы Қазақстан делегациясының бәрі бірдей бекітілген нормаларға сыймайды. Италияға 36 спортшыдан тұратын құрамаға мыналар ілесіп барды:

36 жаттықтырушы (спортшылар санының 100 пайызы, норма – 100)
сегіз медицина қызметкері (22 пайыз – норма 22)
бес БАҚ өкілі (14 пайыз, норма – 12)
министрліктің бес қызметкері (14 пайыз, норма – 10);
Спортты дамыту дирекциясының алты қызметкері (17 пайыз, норма – 8)
Ұлттық олимпиадалық комитеттің 14 өкілі (39 пайыз, норма – 40).

Айта кетейік, заң алдағы Азия ойындарынан бастап қолданысқа енеді, өйткені олар "өзге де халықаралық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар" санатына жатады. Қазақстан құрамасының бұл жарыстарға қатысатын құрамы әзірге жарияланған жоқ.
2026 жылғы Азия ойындары Жапонияда 16 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus