Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президентін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президенті Сауд Али Әл-Тәнимен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Президент FIBA-ның отандық баскетболға көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, Сауд Али Әл-Тәниге Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толып отырғанын, осы орайда, балалар мен жастардың ықыласы ауған баскетбол танымал спорт түрлерінің қатарына енгенін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстаннан халықаралық деңгейде, соның ішінде әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен көрнекті баскетболшылар шыққанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде келешегі зор бағыт ретінде 3×3 форматындағы баскетболға қызығушылық арта бастағанына тоқталды.

Кездесуде бұқаралық және кәсіпқой баскетболды ілгерілетуге, спорттық резерв даярлауға, бірлескен жобаларды іске асыруға айрықша назар аударылды.

Федерация президенті Мемлекет басшысына елімізде аталған спорт түріне қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Ұйымның баскетболды одан әрі дәріптеуге бағытталған жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға үлес қосқаны үшін Халықаралық баскетбол федерациясының президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі "Досты" орденімен марапаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus