Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Басып қалуы мүмкін“. Алматыда блогердің үйін тазалау кезінде қайғылы жағдай бола жаздады

Үйдегі кезекті жинау жұмысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: Алматыда салмағы 400 келіге жуық жылжымалы есік адамның үстіне құлаған. Зардап шеккен адам сүйек сынығы болуы мүмкін деген күдікпен дәрігерлерге жеткізілді. Tengri Life мұндай оқиғаға кім жауапты екенін және шығынды қалай өндіруге болатынын анықтап көрді.
Бәрі қалай басталды?
Қазақстандық актриса, блогер әрі әнші Дарья Александрова әлеуметтік желідегі парақшасында оқиға туралы видео жариялады. Оның айтуынша, клининг компаниясы қызметкерлерінің бірі ауыр жарақаттан аман қалған - дәрігерлер оған "дененің соғылуы" деген диагноз қойды.

"Бізде салмағы 400 келіге жуық жылжымалы есік құлап кетті. Үйімізде бізді таптап кете жаздайтын мұндай қауіп болады деп ойламаппыз. Егер бұл жағдай түнде, біз бен бір жасар қызымыз ұйықтап жатқанда болса не боларын ойлаудың өзі қорқынышты", - деп бөлісті ол.

Оқиғадан кейін үй иелері полиция мен терезе және жылжымалы есіктерді орнатқан компания өкілдерін шақырған. Дарьяның сөзінше, мамандар алдымен бұған үйдің шөгуі себеп болуы мүмкін деп болжаған. Алайда тексеруден кейін үйдің шөгу белгілері анықталмады.

"Олар конструкцияны өлшеді, бірақ үйдің шөккені туралы ешқандай белгі таппады. Есесіне жыртылған алюминий импостты анықтады. Металл профильде үзілу пайда болған - мұндай жағдай ешбір жағдайда болмауы тиіс", - деп атап өтті Дарья Александрова.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Дарья Александрованың (@dariya_aleksandrova) жарияланымы


Блогердің айтуынша, анықталған ақау мен клининг маманының жарақатына қарамастан, мердігер ұйым басында конструкцияны "50 де 50" шартымен қалпына келтіруді ұсынған, яғни шығынның жартысын үй иелері төлеуі тиіс болған.
Дарья бұл компания орнатқан конструкциялармен бұған дейін де мәселе туындағанын айтты. Бұрын үйдегі тағы бір шыны пакет жарылып кеткен, бірақ оның сөзінше, компания ол кезде де кепілдік міндеттемелерін орындаудан бас тартқан.
Құқық қорғау органдарына жүгінгеннен, жарақаттарды тіркеп, келіссөздер жүргізгеннен кейін компания басшылығы мәселені мойындауға келіскен. Нәтижесінде мердігер барлық апаттық конструкцияларды ауыстыру мен жөндеуді өз мойнына алды.
Құлаған конструкцияға кім жауапты?
Біз мұндай жағдайда не істеу керектігін, құлаған есікке кім жауапты екенін және зардап шеккендер өтемақыны қалай талап ете алатынын білу үшін заңгерге жүгіндік.
Адвокат Таир Назханов құқықтық тұрғыдан алғанда, конструкцияны орнатқан компания жұмыстарды тиісті деңгейде орындауға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті болғанын түсіндірді. Бұл Азаматтық кодекстің 272-бабынан, сондай-ақ жұмыс сапасы мен мердігердің кемшіліктер үшін жауапкершілігін реттейтін кодекстің ерекше бөлімінің 632 және 635-баптарынан туындайды.

"Егер сараптама конструкцияның дұрыс орнатылмауы салдарынан құлағанын және бұл денсаулыққа зиян келтіргенін анықтаса, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен бөлек, Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі қарастырылуы мүмкін", - деп түсіндірді заңгер.

Зардап шегуші не талап ете алады?
Назхановтың айтуынша, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жұмыс пен қызметтің қауіпсіз әрі сапалы орындалуын талап етуге, сондай-ақ олардың кемшіліктерінен келтірілген зиянды толық өтетуге құқық береді.
Сондықтан зардап шеккендерге компанияға тек ауызша шағым айтумен шектелмеу маңызды. Бірінші кезекте болған жағдайды тіркеп, айғақтарды жинау қажет.
Мұндай жағдайда мыналарды сақтап қойған жөн:

мердігермен жасалған келісімшарт пен төлем құжаттары;
компаниямен арадағы хат алмасулар;
құлаған конструкция мен анықталған зақымдардың фотосы мен видеосы;
медициналық мекемеден берілген құжаттар;
полиция шақырылғаны туралы мәліметтер;
сараптама жүргізілсе, оның қорытындысы;
оқиғаға байланысты шығындарды растайтын чектер мен басқа да құжаттар.

Егер мердігер шығынды өз еркімен өтеуден бас тартса, зардап шегуші оған жазбаша шағым жіберіп, кейін сотқа жүгіне алады.
Бұл ретте мүмкін болатын өтемақы мөлшері істің нақты мән-жайына, келтірілген зиянның сипатына және зардап шеккен тарап ұсына алатын дәлелдерге байланысты болады.
Сонымен қатар конструкцияның құлау фактісі автоматты түрде орнатушы кінәлі дегенді білдірмейтінін ескеру маңызды. Оқиғаның себебін, соның ішінде сараптама көмегімен анықтау қажет. Егер себеп монтаждау ақауы немесе мердігер жұмысының олқылығы екені дәлелденсе, бұл зиянды өтеу туралы талап қоюға негіз болады.
Тағы оқыңыз: “Қабырғаға жасырылған жұмыртқа“. Егер құрылысшылар кек алмақ болса, не істеу керек?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus