Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Әр жолы қиындап бара“ - Махачев Рахмоновтың салмағындағы қарсыластары туралы

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иэн Гэрримен өткен жекпе-жек туралы пікір білдіріп, дивизиондағы қарсыластарының деңгейіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі "Матч ТВ" арнасына сілтеме жасап.
Жартылай орта салмақ белбеуінің иегері әрбір жаңа қарсылас бұрынғыдан бетер күшейіп бара жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол ирландиялық Иэн Гэрримен болған кездесу бұдан жеңілірек болады деп күткенін, алайда жекпе-жек нәтижесі ол үшін болжамды болғанын айтты.

"Сәл жеңілірек болады деп жоспарлап, солай ойлағанмын. Бірақ бәрі жоспардан тыс кетті деп айта алмаймын. Қарсыластар да дайындалып жатыр. Әр жолы қиындап барады. Қарсыластар мықты болып барады. Демек, жеңіске оңай жету үшін маған да шеберлігімді шыңдай түсу керек", - деді Махачев.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Islam_Makhachev (@islam_makhachev) жарияланымы


Еске салайық, Махачев пен Гэрри арасындағы титулдық жекпе-жек UFC 330 турнирінде өтіп, кештің басты оқиғасы болды.
Махачев жекпе-жек барысында үнемі тейкдаун жасап, Гэрриді партерде ұстап тұрды. Ирландиялық спортшы тік тұрып төбелесуде, әсіресе үшінші және төртінші раундтарда белсендірек болғанымен, чемпион күрес есебінен басымдығын сақтап қалды.
Бесінші раундта ресейлік файтер қарсыласын тағы да партерге түсіріп, жекпе-жек аяқталғанша осы позицияда ұстап тұрды. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Махачевке берді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Islam_Makhachev (@islam_makhachev) жарияланымы


Айта кетейік, UFC-дің жартылай орта салмағында жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94) жарияланымы


Бұған дейін, 2024 жылы ирландиялық Иэн Гэрри онымен жекпе-жек өткізген болатын. 5 раундтың қорытындысы бойынша ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп, өзінің жеңіліссіз келе жатқан мінсіз рекордынан айырылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus