Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада баланы 1-сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екені айтылды

Астанада 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа бала қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Елорда әкімдігі баланы мектепке қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екенін еске салды, - деп хабарлайды Tengri Education.
Ата-аналар баласын 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды egov.kz электрон үкімет порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Сондай-ақ, құжаттарды мектепке барып, қағаз түрінде өткізуге болады.1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:

ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;профилактикалық екпелер картасы (№065/у);баланың денсаулық паспорты (№052-2/у);баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті.

Егер құжаттар қағаз түрінде тапсырылса, қосымша ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі қажет.1-сыныпқа қабылдау тәртібі туралы толық ақпаратты ата-аналар тұрғылықты жері бойынша мектептерден немесе электрон порталдардан біле алады.
Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, бүгінде 1-сыныпқа 30 мыңнан аса бала қабылданған. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін елорда мектептерінің табалдырығын шамамен 35 мың бүлдіршін аттайды деп күтіліп отыр.Құжат қабылдау 28 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Бұған дейін қазақстандық ата-аналар әлеуметтік желіде балаларын мектепке, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша қабылдамай қойған жағдайларға шағымданған еді. Оқу-ағарту министрлігі мектеп қандай жағдайда баланы қабылдаудан бас тарта алатынын және мұндай кезде оны қайда бағыттауға тиіс екенін түсіндірді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus