Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бұдан былай алтын болмайды: Қазақстанда депутаттардың төсбелгілері өзгереді

Қазақстанда Парламент депутаттары төсбелгілерінің көлемі мен құрамы өзгереді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алтынның орнына - жез
ОСК басшысының айтуынша, бұл мәселе Мемлекет басшысының қатысуымен де талқыланған. Президент белгінің көлемін кішірейтуді, сондай-ақ оны дайындау кезінде бағалы металдардан бас тартуды ұсынған.

"Біз бұл мәселені комиссиямызда бірнеше рет, соның ішінде Монета сарайы мамандарын тарта отырып егжей-тегжейлі талқыладық. Олар бізге бұл төсбелгіні жезден жасауға кеңес берді. Себебі мемлекеттік наградалардың басым көпшілігін дайындау кезінде осы жез қолданылады", – деді Әбдіров.

Белгінің жалпы дизайнын сақтау туралы шешім қабылданды, алайда оның көлемі кішірейтілді.

"Жалпы түс шешімдері сақталды, бірақ параметрлері жағынан белгі кішірейіп, меніңше, бұрынғыдан да тартымды бола түсті. Ыңғайлы болады деп үміттенемін", – деп толықтырды ОСК басшысы.

Төсбелгі 5 есе арзандады
Депутаттардың бұрынғы төсбелгілері 375-ші сынамалы алтыннан жасалатын. Әбдіровтің сөзінше, олар кейінгі рет 2023 жылы сатып алынған, сол кезде бір белгінің құны 313 600 теңге болған.
Жезден жасалған жаңа төсбелгі айтарлықтай арзанға түседі - шамамен 42 000 теңге. Бұл ретте бұрынғы депутаттар өкілеттігі аяқталғаннан кейін төсбелгілерін қайтармайды.
Еске сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бірпалаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау болмақ.
Сайлауға 7 партия қатысады. Партиялық тізімдердің сандық құрамы келесідей бөлінді:

"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 63 кандидат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69 кандидат;"Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) – 186 кандидат;
"Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы – 47 кандидат;Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 72 кандидат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 33 кандидат.
Respublica партиясы – 76 кандидат.

Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттары таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus