Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды ұсыныстар айтыла бастады – Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандағы сайлауалды науқан қоғамдық күн тәртібі өзгергенін, жасампаздық пен өркендеу идеясы мемлекет саясатының арқауына айналғанын айқын көрсетті. Бұл туралы Қазақстан халқына үндеуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаевтың айтуынша, қоғамдық пікірталасқа жастарымыз, кәсіби қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер де белсенді қатысты.



"Сайлауалды науқан еліміздегі қоғамдық күн тәртібі өзгергенін, жасампаздық пен өркендеу идеясы мемлекет саясатының арқауына айналғанын айқын көрсетті. Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды ұсыныстар айтыла бастады. Бұл – түбегейлі саяси жаңғырумен қатар, ұлтымыздың қайта жанданған пассионарлық қуатын танытатын маңызды нышан", – деді Президент.

Ол халқымыздың саяси мәдениеті артып, жұртымыздың мемлекеттік басқару ісіне атсалыса бастағы жүргізілген реформалардың тікелей нәтижесі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан "Заң мен Тәртіп" қағидаты үстемдік құратын, халық үніне құлақ асатын, саяси және қоғамдық институттары тиімді жұмыс істейтін мемлекет құрып жатқанын айтты.
Мемлекет басшысы үндеуінің толық мәтіні мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Еске сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа Парламент – бірпалаталы Құрылтай сайланады. Бұл конституциялық реформадан кейінгі алғашқы парламенттік сайлау: Сенат пен Мәжіліс таратылып, екіпалаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бірпалаталы Құрылтай келеді.
Жаңа заң шығарушы органдағы орындарға жеті партия таласады. Ең көп кандидатты "Әділет" партиясы ұсынды – 186. Одан кейін "Ауыл" – 69, Respublica – 76, Қазақстан Халық партиясы – 72, "Ақ жол" – 63, "Байтақ" – 47 және ЖСДП – 33 кандидат.
Сайлаудан кейін Парламенттің бұрынғы форматы бірпалаталы жаңа жүйеге толықтай алмастырылады.
Ал 1 шілдеден бастап елде жаңа Конституция күшіне енді. Әрбір қазақстандыққа тікелей қатысы бар өзгерістер туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus