Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Маған жүру қиын“: Рыбакина матчтен бас тартқаннан кейін жарақаты туралы айтты

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде Ига Швентекке қарсы матчте алған жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Tengri Sport WTA баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұл мәселе мені біраз уақыттан бері мазалап жүр"
Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалдық матчінде қазақстандық Елена Рыбакина жарақат алып, ойынды жалғастырудан бас тартты. Кездесуден кейін ол бұл мәселенің көптен бері мазалап жүргенін, бірақ ауырсынуды бақылауда ұстап келгенін мәлімдеді. Алайда матчтердің көптігінен жарақат қайта сыр берген.

"Әрине, қазір жағдайым мәз емес. Тіпті доп бергенде (подача) дұрыс секіре алмадым. Жүрудің өзі ауыр тиіп тұр. Ертең МРТ-дан өткен соң бәрі белгілі болады.
Бұл мәселе мені біраз уақыттан бері мазалап жүрген. Белгілі бір сәтке дейін бәрі бақылауда болды, бірақ кейін Канадада көптеген матч өткіздім, сосын мұнда келіп, қатарынан тағы екі кездесуге шықтым. Магдалена Френхпен өткен матч жаңбырға байланысты жиі үзіле берді, содан кейін ауырсыну қатты сезіле бастады, сондықтан келесі күнді толығымен демалуға арнадым.Матч алдында өзімді қалыпты сезіндім, бірақ, өкінішке қарай, бір сәтсіз қозғалыс, бір жерге қону - содан бірдеңе болды", - деді Рыбакина.


Елена Рыбакина Цинциннатидегі Ига Швентекке қарсы ойынды аяқтай алмады. Қандай өкінішті жағдай... U.S. Open қарсаңында ахилл сіңірінің жарақаты болмаса екен деп үміттенеміз. Оған рейтингте 1-орынға шығу үшін небәрі екі жеңіс жетпей тұрған еді. Оның жағдайы жақсарып, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. ❤️‍???? pic.twitter.com/P6QkNqlDBN
— The Tennis Letter (@TheTennisLetter) August 20, 2026

Айта кетейік, Елена Рыбакина 28 минут ойнап, бірінші сет аяқталмай жатып кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осы уақыт ішінде Швентек бірде-бір эйс жасаған жоқ, бір рет қос қателік жіберіп, бір брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.
Рыбакина бір эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді және бірде-бір брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады.

Оның сол аяғының осылай қозғалғанын көріп, медициналық үзіліс кезінде бірден аяғының артқы жағын көрсеткені... қорқынышты көрінедіЕленаның жағдайы жақсы болсын деп тілеймін ???? pic.twitter.com/p2HVzP3CBK
— Owen (@kostekcanu) August 20, 2026
Ига Швентек болса, жартылай финалға мерзімінен бұрын шықты, онда ол америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus