Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Әлемдік көрсетілімдерге қатысқан“: модель Қарағанды көшелерін күзетіп жүр

Халықаралық көрсетілімдерге қатысқан қазақстандық модель Шыңғыс Танатпаев Ұлттық ұланда мерзімді қызметін өтеп жүр. Қазір ол подиум орнына Қарағанды көшелерін күзетіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Life ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Модельдік мансаптан мерзімді қызметке дейін
Шыңғыс Танатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Ұлттық ұланның мәліметінше, ол түрлі елдердегі көрсетілімдерге қатысып, француздық Pierre Cardin сән үйінің, сондай-ақ италиялық Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің топтамаларын таныстырған.
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта Танатпаев Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жатыр.
Ұлттық ұландағылар модельдік жұмыс пен армиядағы қызметті тәртіп, жинақылық пен жауапкершілік қасиеттері біріктіретінін атап өтті.
Модель Қарағандыда немен айналысады?
Қазір ұлан сарбазы Қарағандыдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр. Әскери қызметші бұқаралық іс-шаралар кезінде және адамдар көп жиналатын орындарда кезекшілік атқарып, қала тұрғындарына көмек көрсетеді.

"Әскери қызметші ата-анасынан көз жазып қалған, адасқан балаларды тауып, жақындарына қайтаруға көмектесті. Оның көмегінің арқасында тұрғындардың жоғалған құнды заттары табылған кездер де болды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Баспасөз қызметінің дерегінше, күн сайын Қазақстанның 21 қаласында Ұлттық ұланның жеті мыңнан астам әскери қызметшісі қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Қарағандыда бұл жұмысқа күн сайын 250-ден астам ұлан сарбазы тартылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus