Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы облысында ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен адам қағып кеткен

Алматы облысында қызметтік көлікпен адам қағып кеткен "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының қызметкері ұсталды. Tengrinews.kz тілшісі полиция мен мемлекеттік корпорациядан оқиғаның мән-жайын білді.
Не болды?
Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Жазба авторы оқырманның мәліметіне сүйене отырып, ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін айтқан.

"Қызметтік көлік СТО-дан табылды, (жүргізуші – ред. ескертпесі) оқиға орнынан кетіп қалған, жақында ғана маманды ұстады. Негізі қызметтік көлік әр кеш сайын таңға дейін ХҚКО-да тұруы керек, бірақ оны үш күн бойы жасырып келген", – делінген жазба.

"77 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды": полиция не дейді?
Алматы облысы Полиция департаменті адам өлімімен аяқталған жол апаты дерегін растап, 26 жастағы жүргізушінің ұсталғанын хабарлады.
Полицияның алдын ала мәліметінше, апат 11 тамызда сағат 20:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы – Шелек – Қорғас – Байсейіт тасжолында болған.

"Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 77 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Жол апатынан кейін жүргізуші қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтап, ұстады және қамауға алды.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
"Директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды"
Мемлекеттік корпорация көлік тізгінінде "Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы облыстық филиалының қызметкері болғанын және Kia Sorento автокөлігінің қызметтік көлік екенін растады.
Оқиға туралы жария болғаннан кейін мемлекеттік корпорацияда қызметтік тексеріс басталды. Тексеру лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне, ішкі бақылауға және қызметтік көліктің пайдаланылуына қатысты жүргізілді.

"Филиал директоры жалпы басшылық пен филиал қызметін бақылау, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ мүліктің сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Филиал директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтік автокөліктің пайдаланылуын бақылауды дұрыс ұйымдастырмағаны, сондай-ақ қызметтік ақпараттың толықтығы мен объективтілігін тиісінше қамтамасыз етпегені үшін жазаланды", – деп хабарлады мемлекеттік корпорация.

Сонымен қатар мемлекеттік корпорация филиал басшылығының әлеуметтік желілерде айтылғандай жол апаты мен қызметтік көлікті шынымен жасырған-жасырмағаны туралы ақпарат бермеді.
Мемлекеттік корпорация қаза тапқан әйелдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus