Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Екінші телефонды алыңыз“: қазақстандықтарға қауіпті қоңыраулар туралы ескертілді

Қазақстандықтарға банк және мемлекеттік орган қызметкері кейпіндегі телефон алаяқтары туралы ескерту жасалды. Олар азаматтарды екінші телефон қолдануға, бейнебайланысты қосып, мобильді құрылғы экранын көрсетуге көндіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алаяқтар не дейді?Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) мәліметінше, қаскөйлер банктік шот бойынша күмәнді операциялар, несие рәсімдеу әрекеті немесе мобильді қосымшаның бұзылғаны туралы хабарлайды. Кейін адамды ақшаны тез арада "қорғауға" және өз нұсқауларын орындауға көндіреді.
Сенімді көріну үшін олар өздерін банктің қауіпсіздік қызметі, құқық қорғау немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, адамның дербес деректерін атауы мүмкін.
Екінші телефон не үшін қажет?
Кейінгі уақытта алаяқтар екінші телефонды немесе планшетті пайдалануды, бейнебайланысты қосып, құрылғы экранын көрсетуді жиі сұрайтын болған.
Сөйлесушінің бақылауымен адамды банктің мобильді қосымшасына кіруге, биометриялық сәйкестендіруден өтуге немесе операцияларды растауға иландыруы мүмкін. Нәтижесінде ол ақшасынан айырылуға немесе несие рәсімделуіне әкеп соғатын әрекеттерді өздігінен жасауы мүмкін.Қандай тіркестерден сақтану керек?
Мынадай сөздер сақтық танытуға негіз болуы тиіс:

"Сіздің шотыңыз бойынша күмәнді операция жүргізіліп жатыр",
"Сіздің шотыңызға қауіп төніп тұр",
"Сіздің атыңыздан несие рәсімдеуге әрекет жасалуда",
"Ақшаны тез арада қауіпсіз шотқа аударыңыз",
"Несиеге өтінімді тез арада қайтарып алу қажет",
"Бұл сөйлесу туралы ешкімге айтпаңыз",
"Операцияны тоқтату/растау үшін СМС-кодты айтыңыз",
"Шотты қорғау үшін қосымша орнатыңыз",
"Екінші телефонды алып, біздің нұсқауларды орындаңыз",
"Экранды көрсету функциясын қосыңыз",
"Бейнебайланыс арқылы телефон экранын көрсетіңіз",
"Бейнебайланыс арқылы жеке басыңызды растаңыз".

Нені білу маңызды?
Банк қызметкерлері СМС және push-кодтарды, парольдерді, картаның толық нөмірін және CVV-кодты сұрамайды. Сондай-ақ олар ақшаны басқа шоттарға аударуды, екінші құрылғыны пайдалануды, экранды көрсетуді немесе телефон арқылы шұғыл қаржылық операциялар жасауды талап етпейді.Құрылғы қорғау және мемлекеттік органдар да телефон арқылы растау кодтарын хабарлауды, биометриялық сәйкестендіруден өтуді немесе олардың нұсқауымен қаржылық операцияларды орындауды сұрамайды.
Ақшаны қалай қорғау керек?ҚНРДА бөгде адамдарға кодтар мен дербес деректерді бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және қоңырау шалушының өтініші бойынша қосымшаларды орнатпауға кеңес береді.
Белгісіз адамдардың нұсқауымен экранды көрсету функциясын қосуға, банктің мобильді қосымшасына рұқсат беруге немесе екінші телефонды пайдалануға болмайды.
Күмән туындаған жағдайда, қаржы ұйымының сайтында немесе банк картасында көрсетілген ресми нөмір бойынша банкке өздігінен хабарласу қажет.
Сондай-ақ несие тарихын, банк хабарламалары мен шоттардағы операцияларды жүйелі түрде тексеріп тұру, күрделі парольдер мен екі факторлы аутентификацияны, сондай-ақ "Стоп-кредит" сервисін пайдалану ұсынылады.
Егер деректерді беріп қойсаңыз не істеу керек?
Егер алаяқтарға растау кодын, карта деректерін берсеңіз немесе ақша аударсаңыз, дереу банкке хабарласып, картаны және мобильді қосымшаға кіру мүмкіндігін бұғаттау қажет.
Жазысқан хаттарды, телефон нөмірлерін және операциялар туралы мәліметтерді сақтап, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керек.ҚНРДА мынаны еске салды: егер сөйлесуші қысым көрсетсе, қорқытса, сөйлесуді құпия сақтауды талап етсе немесе шешімді тез арада қабылдауға мәжбүрлесе, сөйлесуді тоқтату қажет.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus