Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Канье Уэст Питерде өнер көрсетеді: билет бағасы алматылықтарды таңғалдырды

Канье Уэст Ресейде өнер көрсетеді - артістің концерттері 10 және 11 қазанда Санкт-Петербургте жоспарланған. Бұл туралы шараны ұйымдастырумен айналысатын "Сэй Эдженси" компаниясы хабарлады, деп жазады Tengri Life.
Концерт туралы не белгілі?
Билеттер құны 9 мыңнан 160 мың рубльге дейін барады. Жарияланым шыққан сәттегі бағам бойынша бұл шамамен 49,9 мыңнан 886,4 мың теңгеге дейін.
Салыстырмалы түрде, Ye-нің Алматыдағы концертіне билеттер 10 пайыздық сервистік алымды есептемегенде 120 мыңнан 350 мың теңгеге дейін болған.
Алаңдар ауқымында да айтарлықтай айырмашылық бар. Алматыда концерт 24 мың адамға дейін сыйдыратын Орталық стадионда өтті.
Петербургтегі қойылымдар "Газпром Аренада" өтеді. Оның іс-шараларға арналған негізгі сыйымдылығы 68 мың көрермен, ал концерттер мен шоулар кезінде ол 80 мың адамға дейін жетуі мүмкін.
Алдағы концерт туралы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

"Алматыдағы концертті ұйымдастырушыларға "қолжетімді" билеттер үшін барша қазақстандықтың атынан үлкен "алғыс", "Ресейде Алматыға қарағанда арзан ба?", "Бізде оверпрайс болатынын біліп едім", - деп жазды желі қолданушылары.

Скриншот: Threads
Канье Уэстің Алматыдағы концерті
Еске салсақ, Канье Уэстің Алматыдағы концерті 15 тамызда өтті, дегенмен бастапқыда іс-шара бір күн бұрын - 14 тамыз сағат 21:00-де өтуі тиіс болатын.
Шоу күні қалада электр қуаты жаппай өшіп қалды. Ұйымдастырушылар бұған қарамастан көрермендерді концерт өтетініне сендірді. Кейін электр қуаты біртіндеп беріле бастады, бірақ мәселе мұнымен біткен жоқ.
Алматыда найзағай ойнап, нөсер жауып, дауыл соқты. Қолайсыз ауа райы көрермендер Орталық стадионға жиналып жатқанда басталды.
Сахналық конструкцияның басты элементтерінің бірі алаң ортасындағы үлкен сфера болды. Дауыл кезінде ол теңселіп, ішінара деформациялана бастады. Нәтижесінде, концерттің болжамды басталуына бірнеше минут қалғанда, көрермендерге іс-шара 15 тамызға ауыстырылғаны хабарланды.
Мұның себебі қауіпсіздік мақсатында деп түсіндірілді.
Тағы оқыңыз: Канье Уэстің Алматыдағы концерті: билет ақшасын қайтаруға бола ма? Заңгер жауап берді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus