Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында қайтадан бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Рыбакина екі сатыға көтеріліп, рейтингте көш бастады. Спортшының еншісінде қазір 5277 ұпай бар. Қазақстандық теннисші беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды, ал ресейлік Мирра Андреева үшінші орынға жайғасты.
Анықтама: WTA чемпиондық жарысы теннисшілердің ағымдағы маусымдағы нәтижелерін көрсетеді. Оның қорытындысы бойынша WTA Қорытынды турниріне қатысушылардың құрамы анықталады.
Скриншот: wtatennis.com/rankings
Рыбакина 3 миллиардтық турнирді жеңіспен бастады
Бұған дейін қазақстандық Елена Рыбакина Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турниріндегі жолын бастаған болатын. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, әлемнің 94-ракеткасы, америкалық Тейлор Таунсендпен кездесті.
Матч екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы - бұған дейін хорватиялық Антония Ружич пен латвиялық Елена Остапенконы жеңген әлемнің 41-ракеткасы, польшалық Магдалена Френх болмақ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


Айта кетейік, Цинциннатидегі WTA 1000 турнирі 13-23 тамыз аралығында АҚШ-тың Огайо штаты, Цинциннати қаласындағы Lindner Family Tennis Center корттарында өтеді.
Жалпы жүлде қоры 7,433 миллион долларды (шамамен 3,4 миллиард теңге) құрайды. Жеңімпазға 1,085 миллион доллар (шамамен 502,5 миллион теңге) мен 1000 WTA рейтингтік ұпайы беріледі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы



Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Canadian Open турнирінің финалына дейін жетіп, онда Ига Швентекке есе жіберген еді.
Сондай-ақ Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Торонтодағы (Канада) WTA 1000 турнирінің финалына шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus