Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2008 жылдан бергі баспана құқығы: сот балалар үйі тәрбиеленушісінің жағына шықты

Сот бала кезінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Павлодар облысы тұрғынының тұрғын үй құқығын қалпына келтірді. Әйел 2008 жылдан бастап баспана алу кезегіне қойылуы тиіс еді, алайда іс жүзінде бұл тек 2014 жылы жүзеге асырылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Сотта 2008 жылы Б. балалар үйіне орналастырылғаны анықталды. Алайда ол "жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне тек алты жылдан кейін ғана қойылған.

2023 жылы уәкілетті орган Б.-ны басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткенін алға тартып, кезектен шығарып тастаған.

Әйел балалар үйіне қабылданған сәттен бастап, яғни 2008 жылдан бастап есепке тұру құқығын қалпына келтіруді талап етіп, сотқа дейінгі тәртіпте бірнеше рет жүгінген. Нәтижесінде ол кезекке қайта тұрғызылды, бірақ тек алғашқы тіркелген күнінен, яғни 2014 жылдан бастап қана.

Б. бұл шешіммен келіспей, сотқа арызданды.

Сот шешімі

Сот әйелдің есепке уақтылы қойылмауы қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдар мен ұйымдардың өз міндеттерін тиісінше орындамауынан болғанын анықтады.

Бұл ретте Б.-ның өзі жағдайға әсер ете алмаған: есепке тұру құқығы туындаған сәтте ол кәмелетке толмаған және баспана алу құқығын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған.

Сондай-ақ сот Б. тәрбиеленген балалар үйінің қазіргі уақытта таратылғанын ескерді. Уәкілетті орган әйелдің патронаттық тәрбиеде болғаны туралы, істің мән-жайын құқықтық бағалауға әсер ететін ешқандай дәлелдемелер ұсынбаған.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның ережелеріне сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспана алғанға дейін кезектен шығарылмайды.

Сот мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі мен жекелеген лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері әйелдің тұрғын үй құқығының бұзылуына әкеп соқты деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы балалар үйіне қабылданған күннен бастап, яғни 2008 жылдан бастап қалпына келтірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus