Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран Трамптың Ормуз бұғазын басып алу жоспары туралы мәлімдемесіне жауап берді

Тегеран АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын Америка аумағы деп жариялағысы келетінін айтқаннан кейін, Вашингтонды қақтығыста жеңілгенін мойындауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Сенбі, 15 тамызда таңертең Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Ормуз бұғазын тек Иран басқаратынын мәлімдеді.

"Бұл бұғаз біздің шешімімізбен ғана ашылады немесе жабылады. Сіздер жеңілгендеріңізді мойындап, бос қиялға берілуді тоқтатпайынша, Иран бұғазды жабық ұстайды", – деп жазды Гарибабади X әлеуметтік желісінде.

Ол Тегеранды қоқан-лоқы немесе күш көрсету арқылы қорқыту мүмкін емес екенін атап өтті.

"Ормуз бұғазын твит немесе әуетасушы көмегімен, бұйрық шығару немесе сайлауалды сөз сөйлеу арқылы басып алу мүмкін емес", - деп жазды ирандық дипломат.

Бұған дейін Трамп Иранды жеңгеннен кейін Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялайтынын айтқан.
Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран әзірге АҚШ-пен келіссөзді қайта бастау жөнінде шешім қабылдамағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Катар мен Пәкістан Иранмен байланысын жалғастырып отыр.
Сенбі күні жарияланған Shahrara News басылымына берген сұхбатында Аракчи Ормуз бұғазында кеме қатынасын қайта бастау үшін Вашингтон бұрын келісілген шарттарды орындауы керек екенін айтты.
Ормуз бұғазы АҚШ биылғы жылдың басында Иранға соққы бере бастағанға дейін мұнай таситын танкерлер үшін аса маңызды теңіз жолдарының бірі болған. Алайда соғыс басталғалы бері бұғаз арқылы кеме қатынасы іс жүзінде тоқтап қалды. Ормуз арқылы кемелердің жүруі АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздердің негізгі мәселелерінің біріне айналды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus