Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шымкентте ер адам алимент үшін бұрынғы әйеліне қышқыл шашып жіберген

Шымкент тұрғыны бұрынғы күйеуінің шабуылынан кейін ауруханаға түсті. Күдікті Алматыда ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұта арасынан бас салып, қышқыл шашқан": оқиға қалай болды?
Әйелге жасалған шабуыл туралы "НеМолчиKZ" қоры хабарлады. Қоғам белсенділерінің айтуынша, жәбірленуші осыдан бес жыл бұрын, қызы алты айлық болғанда күйеуімен ажырасқан. Кейіннен әйел алимент өндіруге өтініш берген.
Қордың мәлімдеті бойынша, бірнеше жыл өткен соң бұрынғы күйеуі әйелдің өмірінде қайтадан пайда бола бастаған: ол алименттен бас тартуды талап етіп, оған қоқан-лоққы көрсеткен.
"НеМолчиKZ" мәліметінше, әйел сұлулық салонында жұмыс істейді. Шабуыл жасалмас бұрын белгісіз біреу оған жаңа нөмірден клиент ретінде хат жазып, шұғыл жолға шығатынын сылтауратып, кешкі уақытта қабылдауын өтінген.
Қордағылардың пайымдауы бойынша, бұрынғы жұбайы осылайша әйелді кездесуге алдап шақырған.

"Ол әйелді жол бойында аңдып тұрып, үстіне қышқыл шашқан. Өзі арнайы жұмыс киімін киіп, қолына канистр ұстап алған. Бұта арасынан шығып, әйелді қолынан ұстап алып, үстіне сұйықтық құйып жіберген. Жәбірленуші киімінің терісімен бірге еріп жатқанын көргенін айтты. Ол жанұшыра айғайлап, оның дауысын естіген адамдар көмекке келген. Ал қаскөй қашып кеткен", - делінген жазбада.

Қазіргі уақытта зардап шегуші ауруханада жатыр. Қор мәліметінше, оның бетін, мойнын, қолын, кеудесін, арқасы мен иығын күйік шалған. Қор өкілдері әйелге бірнеше ота жасалып, терісін алмастыру қажет болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Зардап шеккен әйел. Фото: instagram.com/nemolchikz_official
Сондай-ақ қор өкілдері полицияның Қылмыстық кодекстің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша іс қозғағанын хабарлады. Қоғам белсенділері құқық қорғау органдары істі "адам өлтіруге оқталу" бабына қайта саралауы тиіс деп есептейді.
Полиция не дейді?
Шымкент Полиция департаменті шабуылдың 2 тамызда болғанын хабарлады. Баспасөз қызметі мәліметінше, бұрынғы күйеуі әйелді алдап кездесуге шақырған.

"Бұрынғы күйеуі әйелге сұйықтық шашып, оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция.

Күдікті сол күні Алматыда табылып, ұсталды. Қазір ол қамауда.
Полиция тергеу барысы қалалық ПД басшылығының бақылауында екенін қосып өтті.
Бұл ретте полиция қылмыстық істің қазіргі уақытта қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus