Астана - Алматы тасжолында қозғалысқа шектеу қойылды
Алматы облысында KAZ-01 Астана - Қарағанды - Алматы автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengri Auto.
Мекеменің мәліметінше, 2026 жылдың 12 мен 20 тамызы аралығында 1121-ден 1186-шақырымға дейінгі учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады."ҚазАвтоЖол" ұсынған айналма жол сызбасы
Жөндеу жұмыстары кезінде бұл учаскедегі көлік қозғалысы уақытша айналма жол сызбасы бойынша ұйымдастырылады.
Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілеріне назар аударуды және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеден өткен кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Трассалардағы қазіргі шектеулер
Айта кетейік, қазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектеулері бар:
7 тамыздан бастап - Алматы - Тараз автожолының учаскесінде (159-дан 238-шақырымға дейін). Жұмыстардың болжамды мерзімі - бір ай;30 шілде мен 25 тамыз аралығында - Алматы - Төңкеріс - Байсерке - Междуреченск автожолында;24 шілде мен 30 қараша аралығында - Медеу - Тұйықсу автожолында;5 пен 25 тамыз аралығында - Астанадағы Алаш тасжолының бір бөлігінде.
Тағы оқыңыз: Тараз - Шымкент тасжолындағы ерекше бұрылыс қазақстандықтардың сұрағын тудырды.